Maм 27, 2022 17:57 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Қырғызстан өзара сауда айналымын арттыруды қалайды

Қазақстан мен Қырғызстан арасында сауда айналымының көлемі 2 млрд долларға жеткізіледі.

Қырғызстан Президенті: «Қазақстан Президентімен келіссөздердің нәтижесінде екі ел өзара сауда айналымын 2 млрд долларға жеткізуге және алғашқы аймақаралық сессияны жоғары сапа мен мазмұнда дайындап өткізуге келісті »,-деді.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Бішкекке ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескеніне тоқталып: «Екі елдің шекараларында адам көп жиналып, кептеліс болуының алдын алу үшін тиісті шаралар қолдануға келістік»,-деді.

Садыр Жапаров: «Қазақстан арқылы тауар транзиті саласында бұрынғы келісімдерді сақтай отырып, шекара қатынасын арттыруға бар күшті салуға келістік»,-деді.

Қырғызстанда өтетін Еуразия экономикалық одағының алғашқы сессиясының қарсаңында Қазақстан Президенті жоғары мәртебелі делегацияны бастап Бішкекке барды. 

Тегтер