Маусым 05, 2022 18:40 Asia/Almaty
  • Амирхұсейн Заре алтын медаль жеңіп алды  

Қазақстанда еркін күрестен өтіп жатқан "Болат Тұрлыханов кубогы" атты халықаралық жарыстың бірінші күнінің соңында  аса ауыр салмақтағы Иран палуаны Амирхұсейн Заре  жарыстың финалдық кездесуінде қазақстандық палуан Батырмурзаев Юсупке қарсы кілемге шықты.

 

 

Бірінші таймда 8:0 есебімен қарсыласынан қалып қойған Заре, екінші таймда қарсыласынан алға шығып, ақыры 21:10 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Заре бірінші кезеңде Азияның алтын жүлдегері қазақстандық Олег Болтинді 9:7 есебімен жеңген болатын. Ол келесі кезеңде және жартылай финалда Моңғолия өкілі Лхагвагэрэл Мунхтурдан жеңіп, финалға шықты.

Жарыстың бірінші күнінде 97 келі салмақта Иранның тағы бір өкілі Амирхұсейн Фирузпур күміс жүлдеге қол жеткізді. Хасан Яздани (86 келі) мен Камран Ғасемпур (92 келі) осы жарыста бүгін (жексенбі) қарсыластарымен кездесетін Иранның  екі палуаны.