Маусым 16, 2022 13:56 Asia/Almaty
  • Украинаға АҚШ пен Еуропаның қару-жарақтарын жеткізу жалғасып жатыр

Германияның Қорғаныс министрі: «Германия Украинаға «Марс 2» атты үш көпқырлы зымыранатқыш жібереді»,-деп хабарлады.

Германияның Қорғаныс министрі Кристина Ламбрехт осы зымыранатқыштар жеткізілетінін айтып: «Алдағы апталарда Украина күштерін үйрету басталады»,-деді.

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ Президенті Джо Байденнің үкіметі Украина соғысының төртінші айында осы елге 1 млрд долларлық жаңа әскери партия жібереді. Бұл партияға кемеге қарсы зымырандық кешендер, артиллериялық зымырандар мен гаубица оқ-дәрілері кіретін болады.

Ресей Қорғаныс министрлігі ақпарат хатшысының айтуынша, Ресей күштері НАТО-ға мүше Польшаның шекарасына жақын жердегі Украинаның Львов облысындағы Золочиев қаласы маңында орналасқан бір қойманы жою үшін жоғары дәлділке ие зымырандар пайдаланды.

Тегтер