Маусым 16, 2022 16:50 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран мен Ирак Сыртқы істер министрлері екіжақты, аймақтық және халықаралық тақырыптар жөнінде пікір алмасты.

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хұсейнмен телефон арқылы сұхбатта осы ел үкіметінің биыл ирандық қажылардың әл-Харам мешітіне баруын жеңілдету үшін шара қолданғанына алғыс айтып: «Сауд Арабиясының қажылыққа жауапты басшыларының талпынысымен қажылық парызы барлық ислам елдерінің, соның ішінде Иран қажылары үшін ешбір қиындықсыз өтеді»,-деп үміт білдірді.  

Амир Абдуллахиан Теһран мен эр-Риядтың қарым-қатынасы туралы: «Теһран Бағдадтағы келіссөздің соңғы кезеңін оң бағалайды. ИИР өзара келісімдердің орындалуын қалайды»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Ирак Ішкі істер министрінің Теһранға соңғы сапарына және Арбағин зияратшыларының құрлық арқылы қатынауына қатысты қол жеткізілген келісімдерге тоқталып, құрлықтағы шекаралар тез арада ашылатынына үміт білдірді.

Тегтер