Маусым 21, 2022 17:43 Asia/Almaty

Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілі елдің Украинадағы жаңа әскери жетістіктерін жариялады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Игорь Конашенков кеше, дүйсенбі күні Ресей күштерінің өткен жексенбі күнгі операциясында Украинаның 10 әскери ұшағы, 13 танкі және 16 арнайы әскери машинасының жойылуына сілтеме жасап: «Ресейдің жойғыш ұшақтары мен тікұшақтары Украинаның  әскери қызметкерлерін дайындау 47 орталығына оқ жаудырды.  Бұл шабуылдан 450 украин ұлтшысы қаза тапты. Сондай-ақ әуе күштері өткен жексенбідегі  операцияда Бук-М1 зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін, С-300 радар жүйесін, МиГ-29 жойғыш ұшағын және Украинаның тоғыз әскери ұшқышсыз ұшағын жойды»,- деп мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрлігі де Қара теңізде әскери кемеден атылған калибрлі зымырандар Украина әскерилерінің Днепропетровск аймағындағы командалық пунктінде маңызды кездесуге тигенін хабарлады. Олар қақтығысып, 50 генерал мен армия офицерін өлтірді.

 

Тегтер