Маусым 21, 2022 18:33 Asia/Almaty

Венесуэла президенті Николас Мадуро ИИР-нан оралғаннан кейін сұхбатында Иранның ғылыми жетістіктеріне таңданысын білдірді.

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Николас Мадуро дүйсенбі күні әл-Маядинге берген сұхбатында Тегеранға сапарына сілтеме жасай отырып: «Біз Иранның соңғы жылдары қол жеткізген ғылым мен технология саласындағы ілгерілеу деңгейіне қатты таң қалдық»,- деді. Мадуро сондай-ақ Венесуэла мен ИИР арасындағы қол жеткізілген келісімдерге тоқталып: «Иранмен 20 жылдық ынтымақтастық келісімі мен ортақ әрекетке қол қою өте маңызды мәселе»,- деп мәлімдеді.