Маусым 24, 2022 15:54 Asia/Almaty
  • Иранның көмегі Ауғанстанға тапсырылды

Қызыл Жарты ай ұйымы Ауғанстандағы зілзаладан зардап шеккендерге ирандық көмекті жеткізді.

 

Сәрсенбі күні таңертең Ауғанстанның Пактика мен Хост аймақтарында 6,1 балдық жер сілкінісі болып, кемінде 1000 адам қаза тауып, 1500-дей адам жараланды.

Денсаулық сақтау, емдеу және оңалту министрінің орынбасары Пейман Намдар басқарған Иранның Қызыл жарты ай керуені Ауғанстанға келген бойда бұл елдің басшыларына Қызыл Жарты ай ұйымының жәрдемі мен гуманитарлық көмегін тапсырды.

 

Тегтер