Маусым 25, 2022 18:05 Asia/Almaty
  • Қытайдың Ираннан импорты артты

Қытай кедені жариялаған соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы жылдың алғашқы бес айында елдің Иранмен саудасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға артып, 6 миллиард 472 миллион долларға жеткен.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, екі ел арасындағы өткен жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы айырбас құны 5 миллиард 481 миллион доллар деп жарияланды.

Қытайдың Ираннан импорты 2022 жылдың алғашқы 5 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 пайызға артып, 3 миллиард 192 миллион долларға жетті. Қытай өткен жылдың сәйкес кезеңінде Ираннан 2 миллиард 535 миллион долларға тауар импорттаған.

 

Тегтер