Маусым 28, 2022 12:46 Asia/Almaty
  • Путин мен Раиси Ашхабадта кездеседі

Ресей президенті Владимир Путин мен Иран президенті Ибрагим Раиси келесі сәрсенбі күні Түркіменстан астанасы Ашхабадта өтетін Каспий жағалауы саммиті аясында кездеседі.

 

Ресей президентінің кеңесшісі Юрий Ушаков Ресей президентінің Түркіменстанда өтетін Каспий жағалауы елдерінің алтыншы саммитіне қатысып, Иран және Әзірбайжан президенттері Ибрахим Раиси және Ильхам Әлиевпен жеке кездесетінін  хабарлады. Иран президенті Каспий жағалауы саммитіне қатысу және сөз сөйлеумен қатар, саммитке қатысқан елдердің президенттерімен де кездеседі.

Каспий маңы елдерінің алтыншы саммиті 29 маусымда Түркіменстан астанасы Ашхабадта бес жағалау мемлекетінің президенттерінің қатысуымен өтеді.

 

Тегтер