Маусым 28, 2022 14:05 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын жою қажеттігін қуаттады

БҰҰ Бас хатшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарының орындалуы туралы 13-ші баяндамасында АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты ядролық санкцияларын алып тастау және Иранның экономикалық пайдасын алу қажеттігін қуаттады.

2231 БҰҰ Бас хатшысының 2231 қарарының және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуы есебін талқылайтын  Қауіпсіздік Кеңесінің  кезеңдік отырысы бейсенбі, 30 маусымда Нью-Йоркте өтеді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өткен аптада Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарының орындалуы туралы 13-ші есебін Қауіпсіздік кеңесіне ұсынып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын Иранның ядролық мәселесі мен көпжақты дипломатияны шешудің ең жақсы нұсқасы деп атады.

Бас хатшы БҰҰ Қауіпсіздік жөніндегі кеңестің 2231 қарарына сәйкес алты ай сайын бұл қарардың орындалу барысы туралы Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беріп тұруға міндетті.