Маусым 28, 2022 15:55 Asia/Almaty
  • Медведев: Қырымға жасалған кез келген шабуыл Ресейге соғыс жариялау болып табылады

Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Украинаның Қырымға басып кіру әрекетін Ресейге соғыс жариялау деп сипаттады.

Дмитрий Медведев: «Қырым түбегін басып алуды  көздейтін кез келген әрекет біздің елімізге соғыс жариялау болып табылады. Егер әрекетті НАТО мүшесі жасаса, бұл бүкіл Солтүстік Атлантикалық альянспен қақтығыс болады. Яғни, үшінші дүниежүзілік соғыс. Толық апат», - деді. Медведев нацистердің украиналық бейбіт тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдаланып жатқанына тоқталып: «Арнайы операцияның мақсаты - Украинада билікке келіп, жылдар бойы Донбасс республикаларының халқын үрей тудырған неонацистік және фашистік күштерге тойтарыс беру»,- деп мәлімдеді.