Маусым 30, 2022 14:24 Asia/Almaty
  • Раиси: Біз Ресеймен өзара іс-қимыл мен қарым-қатынасты стратегиялық қарым-қатынас шеңберінде жүргіземіз

ИИР Президенті Иранның Ресеймен стратегиялық қарым-қатынастар аясында өзара әрекеттесуді жалғастыратынына тоқталып: «Екі ел арасындағы сауда және энергетикалық ынтымақтастық саласындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейде, бірақ екі елдегі жағдайды ескере отырып, бұл қарым-қатынастардың әлі де кеңеюі үшін үлкен әлеуеті бар»,- мәлімдеді.

 

Раиси Түрікменстанға сапарының соңында сәрсенбі күні кешке Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп: «Менің Ресейге сапарымнан кейін екі ел арасындағы келісімдерді орындау мақсатында тиісті лауазымды тұлғалар тарапынан бірнеше рет өзара сапарлар жасалды және бұл келісімдерді жүзеге асыру барысы жақсы қарқынмен жүріп жатыр»,- деді. Иран президенті екі елдің Солтүстік-Оңтүстік дәлізін одан әрі нығайтуға қолдау көрсету қажеттігіне тоқталып: «Иран мен Ресейдің энергетика саласындағы, ынтымақтастық, оның ішінде своп үшін жақсы әлеуеті бар»,- деп баса айтты.

Кездесу барысында Ресей Президенті де Каспий маңы елдерінің алтыншы саммитінің аятолла Раисимен қайта кездесуге мүмкіндік бергеніне ризалығын білдіріп: «Соңғы айларда екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың көлемі жақсы өсті, бұл жол жалғасуы керек»,- деді. Путин сондай-ақ Иран Президентінің екі ел арасындағы энергия, соның ішінде своп саласындағы ынтымақтастықты арттыру туралы ұсынысын құптады.    

 

Тегтер