Шіл 01, 2022 21:34 Asia/Almaty
  • Украина дағдарысындағы Батыстың екіжүзді саясаты

Украинадағы соғыс бесінші айға аяқ басты. Батыстың дағдарыстың алдындағы екіжүзді саясаты осы уақытқа дейін құлдырау, дүние жүзіндегі миллиондаған үй шаруашылығының тым кедейлігі, ондаған адамның өлімі және Украинадағы миллиондаған адамдардың қоныс аударуы сияқты салдарға әкелді.

 

«АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры өткен 40 жылда минимумға дейін азайды», «Францияда инфляция артты», «Британия Еуропаға газ жеткізуді тоқтатты», «Украиндық иммигранттар ағынымен Германияда  жұмыссыздық өсті», «Ресейдің 6000 украин әскерін тұтқынға алды» - бұл соңғы 24 сағаттағы Украина дағдарысындағы оқиғалар мен оның Батыс елдеріне әсері туралы кейбір жаңалықтардың тақырыптары.

Батыстың Ресей мұнайы мен газына тәуелділігі енді жаңа кезеңге аяқ басты. АҚШ Энергетика министрлігінің мәліметінше, АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры (SPR) 24 маусымда аяқталған аптада 6,9 миллион баррельге қысқарды. Бұл 1986 жылдың сәуірінен бергі ең төменгі деңгей. Бұл өзгерістер Байден үкіметі үшін жаңа сынақ болып табылады. Ол әртүрлі жолдармен, соның ішінде АҚШ-тың стратегиялық мұнай қорларынан шикі мұнайды шығарумен бензин бағасын төмендетуге тырысты. Америка халқы қазіргі АҚШ тарихындағы ең қымбат қарапайым автокөлік жанармайының галлонына 5 долларды көргенде, Украинаға деген көзқарасын өзгертті. Соңғы сауалнамаға сәйкес, американдықтардың 51 пайзы Украинаға мамырда көрсеткен қолдауынан гөрі үкіметтің олардың сатып алу қабілетін арттыруға жұмсағанын артық көреді. Екінші жағынан, әлемдегі күрделі энергетикалық жағдай Ұлыбританияның белгілі бір жағдайларда бір-бірін дос және одақтас ретінде танымайтынын көрсетуіне себеп болды. Лондонда шығатын Financial Times газеті Мәскеумен шиеленіскен қарым-қатынастан кейін Еуропадағы газ дағдарысының кеңеюі туралы: «Газ дағдарысы ушыға түссе, Ұлыбритания Еуропалық Одаққа баратын газ құбырларын кесіп тастайды»,- деп жазды. Батыстың екіжүзді саясаты украин халқы үшін де соңғы төрт айда нәтиже әкелмеді. Іс жүзінде Батыстың араласу саясаты, сондай-ақ Ресейге қарсы санкцияларды жүзеге асыру бүгінгі күні әлем халқы үшін, тіпті еуропалықтар мен американдықтар үшін үлкен шығын әкелді.