Шіл 02, 2022 15:30 Asia/Almaty
  • Ресейдің Украинадағы тұрғын аудандарға шабуылы туралы мәлімдемелер жоққа шығарылды

Ресей Қорғаныс министрлігі бұл елдің Украинадағы тұрғын аудандарға шабуылы туралы мәлімдемелерді жоққа шығарды.

                                                                                                                                          

Кейбір батыстық ақпарат құралдары, соның ішінде Associated Press жұма күні Ресей Украинаның оңтүстік-батысындағы Одесса портынан 50 шақырым жерде орналасқан Сергеевка тұрғын ауданында әуе шабуылдарын жасады, нәтижесінде кемінде 21 адам қаза тапты деп мәлімдеді.  Ал Ресей Қорғаныс министрлігі Киев үкіметі Одессада ресейлік күштерді бейбіт тұрғындарды өлтірді және тыйым салынған кассеталық оқ-дәрілер арқылы азаматтық инфрақұрылымды қиратты деп айыптау үшін арандатушылық әрекетті дайындап жатқанын хабарлады.