Шіл 03, 2022 14:17 Asia/Almaty

Алматы қаласында Иран Ислам Республикасы тауарларының ең ірі көрмесі басталды.

 

Алматыдағы көрмеде азық-түлік, химия, болат, машина жасау, жол және құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс материалдары, тоқыма және техникалық және инженерлік қызмет көрсету салаларындағы 60-тан астам ирандық компания экономикалық белсенділер, инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін соңғы жетістіктерін ұсынуда.

ИИР-ның Қазақстандағы Елшісі Маджид Сабер  Алматыда  Iran Press тілшісіне берген сұхбатында: «Иранның әртүрлі салаларда жақсы мүмкіндіктері бар және бұл мүмкіндіктер Алматы көрмесінде көрсетілді»,- деді.

Қазақстанның Алматы қаласындағы көрме орталығында сенбі күні басталған Иран тауарларының көрмесі 3 күнге  жалғасады.