Шіл 04, 2022 16:03 Asia/Almaty

Ресей Қорғаныс министрлігі Луганскіні толық бақылауға алғанын жариялағаннан кейін бірнеше сағаттан кейін украин әскері аймақтағы соңғы бекіністері Лисичанскіден өз күштерін шығарғанын ресми түрде жариялады.

Кейбір ақпарат көздері Украина армиясының Лисичанскідегі соңғы бекінісінен шығып, әскерлеріне осы қаладан кетуге бұйрық бергенін хабарлады.

Украина Президенті Владимир Зеленский де Лисичанск қаласының Ресейдің бақылауына түсуіне реакция білдіріп: «Біз өз жерлерімізді, соның ішінде Лисичанскіні қайтарамыз»,- деп мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу бұған дейін Владимир Путинге Луганск облысының Ресейдің толық бақылауында екенін хабарлаған. Бұл жаңалықты ресейлік «Новости» агенттігі сенбі күні Украинаның шығысындағы Луганск облысындағы Лисичанск қаласының  ресейлік күштердің бақылауына алынғанын хабарлаған кезде жарияланды.