Шіл 04, 2022 17:15 Asia/Almaty
  • Ирандық футболшы Португалия лигасының үздік ойыншысы марапатына үміткерлер қатарында

Иран ұлттық футбол командасының шабуылшысы Мехди Тареми  Португалия премьер-лигасының үздік ойыншысы марапатына үміткер 10 футболшының қатарына енді.

Иран ұлттық құрамасының шабуылшысы осы маусымда «Порту» сапында 26 гол соғып, әріптестеріне 16 нәтижелі пас берді. Тареми соққан 26 голдың 20 голы премьер-лигада, үш голы плей-офф кубогында, бір голдан Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Лига кубогында соғылды. Осы маусымның соңында Португалия лигасының ұйымы премьер-лиганың үздік ойыншысы жүлдесіне үміткер 10 ойыншының есімін жариялады және олардың арасында Таремидің есімі де бар.