Шіл 04, 2022 18:50 Asia/Almaty
  • Германиялықтар Украинаға қару-жарақ жіберуге наразылық білдірді

Германияның астанасы Берлинде Украинаға қару-жарақ пен өлімге әкелетін қарулардың жіберілуін айыптаған плакаттар ұстаған жүздеген адам демонстрацияға шықты.

 

Украинадағы соғыс басталғалы Батыс елдері бұл қақтығысқа тікелей әскери араласудан бас тартты, бірақ олар Украинаны қару-жарақ, оқ-дәрі және жанармаймен қамтамасыз етуде. Бұл әрекет іс жүзінде бұл соғысты Еуропа мен Американың Ресеймен Украина өрісіндегі соғысына айналдырды.  Украинаға батыстың қару-жарағын жіберуі қақтығысты ұзартып қана қоймай, дүниежүзілік соғысқа қауіп төндіретінін Ресей бірнеше рет ескертті.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Үшінші дүниежүзілік соғыстың қаупін шынайы деп сипаттап, ол туралы ескертті. НАТО-ны Украинада Ресейге қарсы прокси соғыс жүргізуін айыптай отырып, ол бұл Батыстың Украинаға қару-жарақ жіберу шабуылын ақтайтынын айтты. Дегенмен, Еуропа елдері, әсіресе Германия Украинаға қару жіберуді жалғастыруда. Олар НАТО-ны қорғаймыз деген сылтаумен Украинаны жабдықтайды. Жақында Германия канцлері Олаф Шульц Украинаға зениттік жүйелер мен артиллерияны анықтау радарлары жеткізілетінін жариялап, Берлин НАТО мен оның серіктестерінің әрбір шаршы сантиметрін қорғауға дайын екенін атап өтті. Германия  осы ел мен ЕО-ға мүше елдер көптеген экономикалық мәселелермен бетпе-бет келіп тұрған кезде әрекеттенуде.

Ресейге қарсы санкциялар, әскери және қару-жарақ бюджеттерінің ұлғаюы және украиналық босқындардың дағдарысы бұл елдердегі экономикалық және әлеуметтік жағдайларға да әсер етті. Германия Федералдық полициясының статистикасы бойынша, Германияда 350 мыңнан астам украиндық пана іздеуші тіркелген. Еуропа елдерінде көптеген адамдар баспана іздеушілердің болуына наразы. Германияның Қаржы министрі Кристиан Линднер елдің бес жылға дейін әртүрлі салаларда тапшылықпен бетпе-бет келуі мүмкін екенін ескертіп: «Алдағы бірнеше айда бізде өте алаңдатарлық жағдай болуы мүмкін» деді.

Германия ғана емес, басқа да Еуропа елдері мен АҚШ Украинаға ашық және жасырын түрде қару жіберіп, бұл әрекет экономикалық жағдайды қиындатып, әлеуметтік қысымды күшейтті. Жақында Италияда да қару-жарақ жіберуге қарсы наразылық шеруі өтті. Италиядағы кәсіподақ өкілдерінің бірі Чинция Делла Порта осыған байланысты: «Қару-жарақ жіберу Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты шешпейді, керісінше, бізге үшінші дүниежүзілік соғыс қаупін төндіреді»,- деді.

 

Тегтер