Шіл 26, 2022 17:16 Asia/Almaty

Канадаға сапар шеккен Рим папасы Франциск сапардың алғашқы күнінде осы ел аборигендерінен өткен ғасырда көрген қорлықтары үшін кешірім сұрады. Ол католик мектептерінде абориген балаларға көрсетілген зорлық-зомбылықты сайтандық әрекет деп атады.

20 ғасырдың басынан бастап Канадада мыңдаған абориген бала діни-мәдени бағдарлама аясында тәлім-тәрбие көру үшін өз жанұяларынан ажыратылған.  

Католик мектептер тәлім-тәрбие беру үшін ашылған, бірақ мұның нәтижесі апатты болды. Мыңдаған бала аштық, нашар қатынас, физикалық әлімжеттік, жыныстық қорлықтан қаза тауып, ұжымдық көрге көмілген.

2021 жылдан бүгінге дейін осындай мектептердің маңынан 1300-ден аса ұжымдық көр табылды.

 

Тегтер