Шіл 29, 2022 16:48 Asia/Almaty
  • Қытай Президенті АҚШ басшысына тікелей ескерту жасады

Қытай Президенті Си Цзиньпин өзінің америкалық әріптесі Джо Байденмен телефон арқылы сұхбаттасып, оған: "АҚШ Тайван мәселесінде Қытайды бөлшектеу отымен ойнамасын",-деп ескерту жасады.

Си Цзиньпин осы телефон арқылы сұхбатта отпен ойнаған адамның ақыр соңында күйетінін ескертіп, америкалық тарап осы мәселені жете түсінеді деп үміт білдірді. Өйткені Тайван аралы мәселесінің тарихы айқын. Тайван бұғазының екі жағы да Қытайға тиесілі.  

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының төрағасы Нэнси Пелосидың Тайванға сапары туралы ақпараттар таралған соң АҚШ пен Қытай арасында текетірес өршіп кетті. Қытай Президентінің АҚШ Президентіне тікелей ескерту жасауы Қытайдың сабыры таусылғанын көрсетеді, өйткені АҚШ Тайван ісіне араласып, біртұтас Қытайға қатысты міндеттемелерін ескермей отыр. Сол себепті Си Цзиньпин Джо Байденмен телефон арқылы сұхбатында тараптардың бір-бірінің ішкі істеріне араласпау туралы тарихи келісімі барын еске салып: "Қытай Тайванның тәуелсіздік алуына және бұл салаға шет елдердің араласуына кесімді түрде қарсы",-деді.

Қытайдың Тайванға қатысты қызыл сызықтарын назарға алмау және Бейжіңнің Вашингтонға жоғары сатына үсті-үстіне ескерту жасауы тіпті екі елдің арасында соғыс болу ықтималын арттырып отыр. Украина соғысын ескерсек, АҚШ Қытайды Тайванға шабуыл жасауға итермелеп отыр деп болжауға болады.  

АҚШ Тайванға қатысты стратегиялық бұлыңғырлық саясатын тастап, оның Қытайдан бөлініп, тәуелсіздік алуын ашық түрде қолдауға көшкен сыңайлы. АҚШ-тың осындай саясаты мен қатынасы бұл елде Дональд Трамп билік басына келгеннен кейін шынайы түрде қолға алынды. Қазіргі таңда Байден үкіметі оны жалғастырып отыр. Нэнси Пелоси де АҚШ-та өтетін кезеңаралық сайлауда дауыс берушілердің назарын демократтарға аудару үшін Тайванға сапар шегуді көздеп отыр. Ал Қытай мұны отпен ойнау деп санайды.

Тегтер