Там 03, 2022 16:59 Asia/Almaty
  • Қытай Тайванға санкция салды

Қытай үкіметі: "АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының төрағасы Нэнси Пелосидың Тайванға сапарына реакцияда Қытай осы аралға құм мен қиыршық тас жіберуді тоқтатады",-деп мәлімдеді.

Қытай Сауда министрлігі: "Тайванға табиғи құм мен қиыршық тас экспорттау бүгін, сәрсенбіден бастап тоқтатылады",-деп баса айтты.

Бейжің Тайваннан цитрус жемістері, кейбір теңіз өнімдері мен мұздатылған балықты импорттауды тоқтатуға шешім қабылдады.

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының төрағасы Нэнси Пелоси сейсенбі күні Бейжіңнің сес көрсетуіне қарамастан, арандатушы әрекет жасап, Тайванға барды.

Бейжің Пелоси сапарының ауыр саяси әсері жайлы ескертіп: "Қытай армиясы елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатер төнгенін сезсе, құр қарап отырмайды",-деді.

 

Тегтер