Там 04, 2022 13:34 Asia/Almaty

Чили үкіметі бір кен орнының жанында кенеттен пайда болған алып шұңқырды зерттеп жатқанын хабарлады. Шұңқырдың диаметрі 25 метр, тереңдігі 200 метрге дейін жетеді. Чили БАҚ өкілдері таратқан видео бойынша, бұл шұңқыр Lundin Mining канадалық компания кен қазып жатқан жерде орналасқан.