Там 04, 2022 17:51 Asia/Almaty

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Иранды әлемде ядролық қарусыздануды тұрақты түрде қолдап келе жатқан ел деп таныстырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Маджид Тахтраванчи Нью-Йорктегі БҰҰ резиденциясында NPT хаттамасын қайта қарауға арналған оныншы халықаралық конференцияда: "Иран ядролық қарусыздануды қаншалықты қолдаса, ядролық қаруларды таратпауға да соншалықты берік. АҚХА тарапынан қауіпсіздік жүйесінің бейтарап негізде ешкімді кемсітусіз жүзеге асырылуын қолдайды",-деді.

Тахтраванчи, сондай-ақ, АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына тоқталып: "АҚХА-ның 15 есебі бойынша Иран ядролық келісім аясындағы міндеттемелерін орындап жатқан шақта АҚШ 2018 жылы мамыр айында бұл келісімнен шығып, Иранға қарсы біржақты санкцияларды қайта салып, барынша қысым саясатын жүзеге асырды. Сөйтіп Иранды ядролық келісімде уәде етілген экономикалық артықшылықтардан мақрұм қалдырғысы келді",-деді.

Тегтер