Там 04, 2022 19:08 Asia/Almaty
  • Бағери: АҚШ өзінің пісіп-жетілгенін көрсетіп, жауапты әрекет етуі керек

ИИР-дың аға келісімгері Әли Бағери сәрсенбі күні кешке АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына мүше елдер тарапынан жомарттықпен берілген мүмкіндікке риза болуы керегін айтып: "Доп АҚШ алаңында. Ол өзінің пісіп-жетілгенін көрсетіп, жауапты әрекет етуі керек",-деп ескертті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Бағери Твиттердегі жеке парақшасында келіссөздерді ілгерілету үшін Венаға жіберілгенін айтып: "Жауапкершілік келісімді бұзғандардың және өткеннің жағымсыз мұрасынан арыла алмағандардың мойнында",-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары кеше Теһранда Италия Сыртқы істер министрінің саяси-қауіпсіздік істер жөніндегі орынбасары Паскуале Феррарамен кездесуінде: "Келіссөздердің мақсаты – АҚШ-ты келісімге қайтару. Осы тұрғыдан Вашингтон ядролық келісімге мүше болып табылатын Иранға шарт қоя алмайды",-деді.

Бағери келіссөздердің алдағы үдерісі туралы: "Алдағы келіссөздерде АҚШ-тың келісімге келуге шынайы әрі байсалды ерік-жігерінің бар-жоғы тексерілетін болады",-деді.   

Тегтер