Там 05, 2022 17:30 Asia/Almaty

АҚШ-та су тасқыны Аризона штатына да жетті.

Күн ысып тұрса да, Кентукки штатының кейбір аудандарында электр қуаты әлі жоқ.  

Аризонаның Феникс қаласындағы толассыз жаңбырдан көшелерді су басып, көлік қатынасы қиындады. Дауылмен қатар жүрген жауын-шашын мөлшері кейбір аудандарда 2,5 см-ге жетті.

Кентукки штатының шығыс аудандарында да су тасқыны салдарынан электр қуаты өшіп, жаздың шіліңгір ыстығы селден зардап шеккендердің жағдайын одан ары ауырлатып жіберді. Бұл аудандардың тұрғындары тұщы су мен телефон байланысына зар болып отыр. Кейбір аудандарға цистернамен су жеткізіліп жатыр.

 

Тегтер