Там 07, 2022 20:50 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Қарсыласу қозғалысында сионистік режимнің қылмыстарына мықты да әсерлі жауап беретін жан-жақты бағдарлама бар

Иран Сыртқы істер министрі Катар Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатында: "Қарсыласу қозғалысында сионистік режимнің қылмыстарына мықты да әсерлі жауап беретін жан-жақты бағдарлама бар",-деді.

Амир Абдуллахиан осы сұхбатта сионистік режимнің Газаға жасаған айуандық шабуылдары мен ондаған палестиналық, соның ішінде әйелдер мен балаларды шәһид еткенін айыптап, соңғы әскери шабуылдарды бастаған режимнің әрекетін оның агрессорлық қатынасынан туындаған іс деп атады.

Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне жиналуға шақыруын арандатушы әрекет деп атады.

Катар Сыртқы істер министрі де осы телефон арқылы сұхбатта Құдсты басып алған режимнің соңғы әрекеттерін айыптап, атысты тоқтату бітімін орнату үшін жасалып жатқан талпыныстарға тоқталып, Израиль режимінің әл-Ақса мешітіндегі арандатушы әрекетін соңғы кезде әскери қақтығыстардың күшеюіне себеп болғанын айтты.  

Тегтер