Там 08, 2022 20:25 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Сионистер тек күш тілін түсінеді

Иран Сыртқы істер министрі: "Сионистер тек күш тілін түсінеді",-деді.

Амир Абдуллахиан сионистік режимнің Газа секторына шабуылдарынан кейін Инстаграмдағы жеке парақшасында: "Иранның дипломатиялық аппараты өз одақтастары және көршілерімен кеңестерінде сионистік режимнің қылмыстарын айыптап, басқыншыларға кедергі болып отырған белсенді қарсыласу қозғалысын  әрдайым қорғайды",-деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі: "Бір күні қылмыстарын өзеннен теңізге дейін жаюды көздеген сионистер бүгінде толық оқшауланып, өз айналасына дуал салып алды. Арагідік басып алынған жерлердегі бірнеше қатпарлы дағдарыстарды жасыру үшін әйелдер мен балаларға қарсы соқыр шабуылдар жасайды. Бірақ шабуылдары қайта-қайта сәтсіз болып, одан әрі тұнжырап, өз айналасына дуал салуды жалғастырып жатыр",-деді.

Тегтер