Там 12, 2022 17:14 Asia/Almaty
  • Иран СІМ: Айғай-шу АҚШ-ты ақтап алуға көмектеспейді

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың жаңа сценарийін бір халықаралық қылмысқа жауапкершілік алудан қашу мақсатында жасалған әрекет деп атап: «Айғай-шуды жалғастыру АҚШ-ты ақтап алуға көмектеспейді»,-деді.

Насер Канани Чафи жұма күні Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа сценарийі туралы: «Айғай-шуды жалғастыру АҚШ-ты ақтап алуға көмектеспейді. Керісінше оны Иран мен әлем халықтары алдында жиренішті ете түседі»,-деп жазды.  

АҚШ-тың Әділет министрлігі сәрсенбі күні мәлімдеме жасап: «Ислам революциясы Сақшылар корпусының мүшесі болған Иран азаматы Ақ үйдің бұрынғы ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонға террор жасауға талпынды деп айыпталды»,-деп уәж айтты.

 

Тегтер