Там 13, 2022 16:27 Asia/Almaty
  • Қытай АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды жалғастырып жатқанын сынға алды

Қытай СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ-тың Иранға қарсы санкция салуды жалғастырып жатқанын тағы да сынады.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2018 жылы 8 мамырда біржақты негізде Вашингтонның ядролық келісімдегі міндеттемелерін бұзып, елдің осы халықаралық келісімнен шығып, Иранға қарсы ядролық санкциялардың қайта салынатынын жариялады.

Бұл санкциялар Иран халқын тікелей нысанаға алды. Америкалықтардың осы саладағы уәждері тек қоғамдық пікірді алдарқатуға бағытталған.  

Қытай СІМ-нің баспасөз хатшысы Хуа Чуньин Адам құқығын зерттеу институтында жасаған есебінің бір бөлігінде: "АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкциялары ел экономикасына кемінде 200 млрд доллар шығын әкелді",-деп мәлімдеді.  

Хуа Чуньин: "АҚШ осы санкцияларымен адам құқығын бұзып отыр",-деді.

Тегтер