Там 16, 2022 15:54 Asia/Almaty
  • Сафари: Иран Түрікменстанның халықаралық суларға шығуын қамтамасыз етуге дайын

Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Иран мен Түрікменстанның сауда-экономикалық қарым-қатынасын кеңейту керегін айтып: "Иран Түрікменстанның халықаралық сулар мен оңтүстік айлақтарға шығуын қамтамасыз етуге дайын",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, Мехди Сафари Түрікменстан басшысының Иранға сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің орындалуын қадағалау үшін осы елге сапарында Түрікменстанның Министрлер кабинеті басшысының орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесуінде Иранның Түрікменстан арқылы тауар транзиттеуді арттыруға ниетті екенін айтып: "Екі елдің мұнай мен газ саласындағы әріптестігін кеңейту, соның ішінде Түрікменстанның қуат көздерін Иран жері арқылы көршілес елдерге транзиттеуге мүмкіндік бар",-деді.

Осы кездесуде Рашид Мередов те екі елдің арасында сауда-экономикалық әріптестігін кеңейтуге талпыныс жасау керегін айтты.

Тегтер