Қыр 27, 2022 14:05 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан мен Гриффитс  Йемен, Ауғанстан және Сирия халқының гуманитарлық жағдайын талқылады

Нью-Йоркте жүрген Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан БҰҰ-ның гуманитарлық істер жөніндегі үйлестірушісі Мартин Гриффитспен Йемен, Ауғанстан, Сирия және Украина халқының гуманитарлық жағдайын талқылады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл кездесуде Хұсейн Амир Абдуллахиан Гриффитстің істерді жеңілдету талпыныстарын жоғары бағалап, Иранның  халықаралық гуманитарлық күш-жігерін жалғастырудағы қолдауын қуаттады. Амир Абдуллахиан сөзінің жалғасында Иранда 5 миллионға жуық ауған  босқындарының тұрып жатқанын, олардың маңызды бөлігінің күн сайын ортақ шекараны кесіп өту арқылы Иранға кіретінін, бірақ бұл қалың халыққа, әсіресе Ауғанстаннан Иранға келген жаңа босқындарға БҰҰ-ның гуманитарлық көмегінің жоқтығын мәлімдеді.

Мартин Гриффитс Иранның ауғандық босқындарға қонақжайлылығын жоғары бағалай отырып,   Иранды әлемдегі босқындарды қабылдау және оларға көмектесуде бірегей үлгі деп атады.