Қыр 29, 2022 23:50 Asia/Almaty
  • Ғарибабади: АҚШ ирандықтардың құқығын қорғау туралы сөйлемей-ақ қойсын

Иран Жоғары сотының адам құқығы штабының хатшысы АҚШ-тың Иран халқына қарсы санкциялар салғанына тоқталып: "АҚШ ирандықтардың құқығын қорғау туралы сөйлемей-ақ қойсын",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Казем Ғарибабади сəрсенбі күні Теһранда Бельгия мен Германия елшілерімен жеке-жеке кездесіп, ирандықтардың құқығын қорғау сылтауымен АҚШ-тың ішкі ісіне араласу əрекеттерін айыптап: "Өз санкцияларымен миллиондаған ирандықтың құқығын бұзып, көптеген ирандықтың жанын қатерге тіккен АҚШ қалайша адам құқығын қорғау туралы сөйлей алады?"-деді.

Ғарибабади, сондай-ақ АҚШ пен кейбір еуропалық елдердің Ирандағы бүлікті қолдағанын сынап:"Ешбір елде қатыгездік жасап, қару мен суық қару қолданып, қоғамдық орындар мен жеке мүлікті бүлдіретін ереуілдерді бейбіт митинг деп атамайды",-деді.