Қаз 02, 2022 20:06 Asia/Almaty
  • Швейцарияның бұрынғы барлау офицері: АҚШ  Nord Stream құбырларындағы жарылысқа жауапты болуы мүмкін

Швейцарияның бұрынғы барлау офицері АҚШ-ты Nord Stream газ құбырларындағы соңғы жарылыстарға жауапты болуы ықтимал деп атады.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Швейцарияның бұрынғы барлау офицері Жак Бу: «АҚШ-тың Nord Stream 1 және 2 газ құбырларындағы соңғы жарылыстарға жауапты екенін дәлелдейтін деректер бар»,-деп мәлімдеді.    

Жак Бу сондай-ақ: «Өз территориясы арқылы газ тасымалдануына табандылық танытып, басынан-ақ Nord Stream газ құбырларының салынуына қарсы болған Польша мен Украина осы оқиғаға жауапты болуы мүмкін»,-деді.

26 қыркүйекте Nord Stream 1 және 2 газ құбырларына бір мезгілде жасалған шабуылдар Балтық теңізіне газ ағуына себеп болды.

Тегтер