Қаз 03, 2022 20:40 Asia/Almaty
  • Mahan әуе компаниясы: Теһран-Гуанджоу бағытында ұшқан ұшақ белгіленген уақытта аман-сау мақсатына жетті

Mahan әуе компаниясының баспасөз қызметі Гуанджоу бағытында ұшқан ұшаққа бомба қойылды деген ақпаратты теріске шығарды.

Үндістан ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір ирандық жолаушы ұшағы бомба қойылды деген күдікпен Нью-Дели әуежайына шұғыл түрде қонуға өтініш білдірді.

Үндістан көгінде Mahan әуе компаниясының ұшағына бомба қойылғаны және шұғыл түрде қонуға өтініш білдіргені туралы уәждер жарияланнан кейін осы әуе компанияның баспасөз қызметі: «Airbus-340 жолаушы тасымалдаушы ұшағы Теһраннан Қытайдың Гуанджоу қаласына ұшып бара жатқанда ұшқыш ұшақта бомба қойылу ықтималы туралы ақпарат алғаннан кейін бірден Mahan әуе компаниясының басқару орталығына хабарласып, бұл оқиғаның жалған екенін білген соң, толық қауіпсіз жағдайда өз бағытын жалғастырды»,-деп мәлімдеді.

Осы мәлімдемеде: «Бұл ұшақ белгіленген уақытта аман-сау мақсатына жетті»,-делінген.