Қаз 05, 2022 20:38 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Украинаға Қырымға шабуыл жасауға рұқсат беруі - соғысты  кеңейту

АҚШ Пентагон басшысы орынбасарының көмекшісі Лора Купер Вашингтондағы баспасөз мәслихатында: «Біз Украинаға жедел түрде әскери көмек көрсетеміз, оның ішінде жалпы құны 625 миллион доллар болатын Химарс зымырандық жүйелерін жібереміз»,- деді. Ол Химарс жүйелері Украинаның қорғаныс қабілетін нығайтып, оған стратегиялық артықшылық беретінін мәлімдеді.

 

АҚШ Украинаға негізгі қару-жарақ жеткізуші ретінде енді Украинаның 4 облысы Ресейге ресми қосылғаннан кейін соғыс ауқымын басқа жерлерге, соның ішінде 2014 жылы Ресейге қосылған Қырым түбегіне де кеңейтуді жоспарлап отырғанға ұқсайды. Жақында АҚШ Украинаға 625 миллион долларлық көмек  түрінде  4 Химарс зымыран жүйесі мен тиісті оқ-дәрілерді, миналар мен минаға төзімді көліктерді қамтитын жаңа қару-жарақ жібергенін жариялады. Бұл Ресей Украинаның бір бөлігінің өз жеріне қосылғанын жариялағалы бері АҚШ-тың алғашқы және қыркүйектің басынан бергі екінші қару-жарақ көмек пакеті.

Украина дағдарысы басталғаннан бері Америка Киевке қаржылық, қару-жарақ және дипломатиялық қолдау көрсетуді бірінші орынға қойды. Байден үкіметіі Украинада соғыс басталғаннан бері бұл елге 17,5 миллиард доллар қару-жарақ пен әскери көмек берді. АҚШ Конгресі Украинаға 40 миллиард доллар көлемінде қауіпсіздік, экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетуді де мақұлдады. Әрине, бұл көмек Киев үкіметіне бірте-бірте және кезең-кезеңімен беріледі, оның соңғысы Украинаға 12 миллиард долларлық көмекті бекіту болды. АҚШ-тың басты мақсаты - Ресейді Украинадағы тоздырғыш соғысқа тарту, бұл әскери қуаттың әлсіреуіне және Ресейдің қаржылық ресурстарының сарқылуына әкеледі. Осы себепті Вашингтон мен оның еуропалық одақтасы Ұлыбритания осы уақытқа дейін Киевке ең көп қару-жарақ көмегін жіберді. Байден үкіметінің Украинаға барынша көп «Химарс» зымырандық кешендерін жеткізу әрекеті шын мәнінде Украинадағы соғысты мүмкіндігінше өршітуге көмектесуді және Ресей территориясын, соның ішінде Қырым түбегін Украина армиясына нысанаға алу мүмкіндігін білдіреді. АҚШ Киевке көмектесуге тырысатын сияқты, дәл және айтарлықтай радиусы бар  «Химарс» зымырандық жүйелерін жібереді.    

 

Тегтер