Қаз 06, 2022 16:56 Asia/Almaty
  • Украинаның Қазақстандағы елшісі «қолайсыз адам» ретінде елден шығарылады

Украинаның Қазақстандағы елшісі «қолайсыз адам» ретінде жуырда елден шығарылады.

Бірнеше күн бұрын Қазақстан СІМ Украина елшісі Петр Врублевскийді Ресейге қарсы сөздері үшін шақыртқан болатын.

Тамыз айының басында әлеуметтік желілерде Қазақстандағы Украина елшісіне тиесілі деп саналған видео таралды. Видеода ол «Украина шамасы келгенше орыс сарбаздарын өлтіруге тырысады» деген.

Қазақстан СІМ украиндық дипломаттың пікірін қабылдауға келмеймін сөздер,  мұны шетелде қызмет атқаратын елшіге үйлеспейтін әрекет деп атады.

Қазақстан СІМ-нің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров бүгін, бейсенбі күні: «Астанадағы Украина елшісі арандатушы әрекетіне байланысты «қолайсыз адам» деп танылды. Сондықтан Қазақстаннан кетуі керек»,-деп мәлімдеді.

Айбек Смадияров: «Қазақстандағы Украина елшісі жуырда ауысады»,-деді.

 

Тегтер