Маусым 16, 2017 23:51 Asia/Almaty
  • Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу (12)

«Құдайым, сенен нәпсіге еруден және Жаратушының жетекшілігінен бас тартудан пана іздедім!»

Алланың елшісі шағбан айының соңғы күндері халықтың алдында Рамазан айын сипаттап, сөз сөйлеп отырған кезде имам Әли хазіреттен: «Бұл айдағы ең жақсы іс не?» деп сұрайды. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.): «Бұл айдағы ең жақсы іс – харам заттардан аулақ болу» деген екен.

Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттардың келесі бірі – нәпсіге еруден аулақ болу. «Құдайым, сенен нәпсіге еруден және Жаратушының жетекшілігінен бас тартудан пана іздедім!»

«Құдайым, сенен нәпсіге еруден және Жаратушының жетекшілігінен бас тартудан пана іздедім!»

 

Мүмін әрі ораза тұтушы мұсылман адамдар осы айда күнәлардан аулақ болу үшін іс-әрекеттерін мұқият қадағалайды. Егер, күнә жасалған болса, жылдам өкініп, Алладан кешірім сұрайды. Олардың тәубаға келуі шайтандардың жолын жабады. Сол себепті, шайтан адамдарға күнәлар арқылы келмейді, нәпсі арқылы келеді. Нәпсі дегеніміз – жүректің қалауы. Харам болмағанымен, жүректің қалауына оң жауап берудің мүмін үшін екі үлкен қаупі болуы мүмкін.

Бірінші қауіп – уақытты жоғалту.  Адам өзінің басты байлығы саналатын кемелдікке жету үшін берілген бағалы өмірін жоғалтады. Оның орнына нәпсінің қалауы болып табылатын пәс істермен айналысады. Мысалы, адамдардың қажеттіліктерінің бірі – тамақтану. Ол аман-сау болуы үшін тамақтануы керек. Сол себепті бұл іс Алла Тағаланың ризашылығына де ие. Алайда, егер тамақтану шектен тыс әрі нәпсінің қалауы үшін жүзеге асса, адам нәпсінің қалауына еруден туындайтын қауіпті аймаққа аяқ басады.

Ораза және нәпсінің қалауымен күресу

Тамақтану, ішу, некелесу және нәпсіге жауап беретін әрі табиғи қажеттіліктен тыс болып табылатын әр жерден осы мәселені байқауға болады. Назар аударарлық маңызды жайт, ләззат алу үшін ас ішу – нәпсінің қалауына оң жауап бергенімен күнә емес. Алайда, киім кию, ішу, қарым-қатынас, неке, саяхат және тағы басқа нәрселерде жүректің қалауына оң жауап беру адамның өмірін зая кетіріп, уақытты босқа өткізуден басқа адамның дамуы мен кемелдікке жетуі үшін ешқандай пайда әкелмейді.

Нәпсіге ерудің адамның халал істеріне тигізер келесі қауіп-қатері – нәпсінің қалауына жетер жолдың тайғанақ болуы. Тайғанақ болу   ең алдымен әртүрлілікті талап ету деген мағынаны білдіреді. Ол дегеніміз, бір қалауға оң жауап берілсе, келесі қалау пайда болады. Бұл қалаулар адамның жолдан таюын жылдамдатып, оны толық пәстікке жетелейді. Сол себепті имам Әли: «Нәпсі адамды пәстіктің ең төменгі деңгейіне жеткізеді» деген болатын.

 

 

 

 

 

 

Тегтер