Жел 24, 2017 21:08 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 28

Мешіт – дұрыс жолға нұсқайтын, рухани тәрбие мен білім беретін және үгіт-насихат жүргізетін мекен. Мешітті жамағат имамы басқарып, жұмыстарын атқаруға халық қатысады.

Құран Кәрім «Әли-Имран» сүресінің 103-ші аятында халықты бірлікке шақырып: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер..»,- деді. Осы тұрғыдан, мешіт – илаһи бұйрықты іске асыратын ең жақсы әрі ең қасиетті мекендердің бірі.

Мешіт – дұрыс жолға нұсқайтын, рухани  тәрбие мен білім беретін және үгіт-насихат жүргізетін мекен. Мешітті жамағат имамы басқарып, жұмыстарын атқаруға халық қатысады. Мешіттегі намазхандар мен жамағат имамының қарым-қатынасы мәдени қарым-қатынастың бір түрі болып табылады.  

Намазхандардың  дауысы жамағат намазы кезінде имамның дауысынан қаттырақ шықпауы керек. Олар имамның алдында тұрмауы шарт. Сондай-ақ, жамағат намаз кезінде имамнан бұрын әрекет етпеуі қажет. Барлық намазхандар қоғамның бірлігі үшін үмбеттің имамы мен қоғамның адал басшысына қатысты дәл осы амалды сақтауы керек. Өйткені, жамағат имамы – ислам қоғамы басшысы үлгілерінің бірі.

Жамағат намаз

Халықтың басшысы және имам болу оңай емес. Басқару қабілетіне ие адам ғана имам бола алады. Басқару мүмкіндігіне ие, кертатпа ой-пікірден ада, шаһуатқа бағынбайтын басшы  Алланы өмірінің барлық сәтінің бақылаушысы санайды. Жамағат  имамының ықпалы –намазхандардың бірлігінің негізгі факторы. Жамағат намаздың имамы намазхандардың жүректері мен сенімдеріне үлкен әсер етеді.

        ***********************

Иранның солтүстік-шығысындағы Мешһед қаласында орналасқан Гаухаршад мешіті

Гаухаршад мешіт

Мешхед қаласындағы Гаухаршад мешіті – Иранның ең маңызды мешіттерінің бірі.  Бұл  мешіт Пайғамбар ұрпақтарының бірі имам Реза (ғ.с.) кесенесінің оңтүстігінде салынған.  Гаухаршад мешіті архитектуралық нәзіктігі және ішкі жобасының  әдемілігі тұрғысынан  Тимури билігі кезіндегі бірегей архитектуралық туынды саналады.  Гаухаршад мешіті х.қ.ж.с.б. 821 жылы (1418 жылы) Тимури әулетінен шыққан Шахрухтың әйелі Гаухаршад ханшайымның бұйрығымен Иранның ұлы сәулетшісі Қауам ал-Дин Ширазидің  басқаруымен салынған. «Гаухаршад» есімі мешіттің екі жерінде түрлі-түсті араб жазуымен сырлы кірпіштің бетіне жазылған.

Гаухаршад мешітінің ауласы шамамен  2850 метр. Оның төрт дарбазасы, бір көгілдір күмбезі, екі мұнарасы, жеті шабистаны бар. Мешхедтің Гаухаршад мешіті – тарихи мешіт. Оның сәулеті Алла елшісі ұрпақтарының бірі шиіттердің сегізінші имамы хазірет Реза (ғ.с.) кесенесінің қасындағы ғимараттардың арасынан ерекше көзге түседі. Бұл мешіт Иранның ең маңызды мешіттерінің бірі саналады.

Гаухаршад мешіті – мықтылығы, исламдық және дәстүрлі  сәулет өнері бойынша ерекшелігі мен әдемілігі, сондай-ақ, безендірілуі тұрғыларынан теңдессіз. Оның бүкіл қабырғалары мен есіктерінде Алланың есімдері, Құран аяттары, қасиетті хадистер, пайғамбар әулетін мадақтайтын өлеңдер әртүрлі тәсілдермен жазылған.  

Гаухаршад мешітінің ең маңызды бөлімдерінің біріне «мақсуре» аркаларының соңында орналасқан әдемі михрабы жатады. Исламдық ғимараттарда михраб – жамағат имамы намаз оқыған кезде тұратын жер. Михраб қыбылаға қарап, көбінесе мешіттердің оңтүстік қабырғаларында орналасады. Гаухаршад мешітінің михрабы екі жазбамен әшкейленген. Михрабтың жазбаларының бірінде «Түс қиғаннан, түннің қараңғылығына дейін намаз оқы..» деген «Исра» сүресінің 78-ші аяты,  екінші жазбада «Бақаре» сүресінің 255-ші аяты – «әл-Курси» аяты жазылған.

Михрабтың оң жағында имам Мәһди (ғ.с.)-ның мінбері орналасқан. Мінбер – халықтың алдында сөйлеуге арналған биік орын. Гаухаршад мешітінің екі мінбері болған. Үлкен мінбері «Шах мінбері»  деп танымал болған. Екінші мінбер жұма намазының имамы марқұм қажы Мирза Аскаридің есімімен аталған болатын. Екінші мінбердің сегіз баспалдағы болған. Оның үстінде хижра қамаридың 1242-ші жылы деп жазылған. Бірінші баспалдағында өлеңдердің үзінділері жазылған болатын. Бүгінде ол жерден «Имам Мәһди (ғ.с.)-мінбері» деп аталған үлкен мінберді ғана көруге болады. Оның шеге қолданбай, жаңғақ пен алмұрт ағаштарынан жасалған 14 баспалдағы бар.

 

Гаухаршад мешітінің мінбері

 Гаухаршад мешітінің ауласына бірінші кірпіш, бірақ кейін тас төселді. 1950-шы жылы ауланың ортасындағы 12х12 метр мекенді қоршап қойды. Халық бұл мекенді «Кейуана» немесе «Жесір әйелдің мекені» деп атап кетті.

гаухаршад мешітінің ауласындағы "Кейуана" мекені

Негізінде бұл жер көне хауыз орналасқан жер болған. 1673-ші жылғы жер сілікінісінен кейін бұл жер намаз оқитын мекенге айналды. Ол кезде мешітке құдық суы енгізілетін. Гаухаршад мешіті ауласының батыс жағындағы дарбаза «су дәлізі» деп аталған. Өйткені, құдық суы осы жақтан енгізілетін. «Кейуананың» мешіті аулада шамалы жоғарырақ орналасқан. Оның айналасынан тіректерді  көруге болады. Олардың арасынан пілте шам ілетін темір тіректер көрінеді. Тіректер басында  ағаштан жасалған болатын, бірақ шамамен 150 жыл бұрын мешітте шыққан өрт салдарынан олардан еш нәрсе қалмаған. Бай әйел өз қаржысын жұмсап, өртеніп кеткен тіректердің орнына тас тіректер салдырған. Содан бері мешіт «Кейуана мешіті» деп аталатын болды. Бұрын намаз оқитын мекен болған бұл жер 1957 жылы вузу алатын жерге айналды.

 

Гаухаршад мешітінің ауласы

Гаухаршад мешіті имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесінін аймағында  орналасқан ең көне әрі ең үлкен мешіттердің бірі саналады. Бұл жерде ертеден бері жамағат намазы өтеді. Мешіт тәулік бойы ашық тұрады. Гаухаршад мешіті ислам әлеміндегі сирек кездесетін мешіттердің бірі саналады.

  *****************************

 

 

 

Тегтер

Сараптама