Қаң 17, 2019 21:54 Asia/Almaty
  • Иран базары (56)

Осы аптадағы бағдарламада елдің цемент өнеркәсібін таныстырамыз.

Цемент – елдердің экономикалық инфрақұрылымдарын қамтамасыз ететін маңызды элементтердің бірі. Әрбір елдегі экономикалық даму мен жан басына шаққандағы цемент қолдану арасында тікелей байланыс бар. Цементті «экономикалық дамудың ашытқысы» деп атайды. Көптеген елдерде, соның ішінде индустриялды елдерде цемент стратегиялық тауар ретінде танылған. 1980 жылдардан кейін кейбір экономистер синтезделген көрсеткіштер моделін ұсынып, қолдану арқылы елдердің экономикалық дамуы мен абадтану деңгейін есептей бастады. Симметриалды синтездік көрсеткіш үлгісінде МакГранахан елдердің экономикалық даму деңгейін бағалап, салыстыру үшін цемент өндірісінің көлемін адам ресурсының дамуы, өмірге үмітпен қарау, оқуға қолжетімділік, сауданың оң сальдосы көрсеткіштерімен қатар қолданады. Қазіргі әлемде цемент негізгі құрылыс материалдарының бірі және құрылыс пен даму бағдарламасының негізгі шикізаты саналады. Тіпті, кейбір сарапшылардың пікірі бойынша, цементтің маңыздылығы болаттан жоғары.

Цемент – суды сіңіру және ұсақ тастарды жабыстыру үшін қажет жұмсақ ұнтақ. Ол кальций силикатының силикон қышқылы, алюминий қышқылы, темір қышқылының ерітіліп, пісірілген қосындысынан тұрады. Бұл ұнтақтың қоспасы ауаға немесе суға жақын болған кезде қатаяды. Көлемі тұрақты болуымен қатар, өзінің беріктігін сақтайды. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар, ежелгі замандағы ғимараттардың қалдықтары мен тарихшылардың еңбектері римдіктердің тотыққан әктас (гипс) пен пуццолан материалын қосқан алғашқы адамдар болғанын көрсетеді. Алынған қоспа құрлықтағы, су мен теңіздегі қажеттіліктерді, соның ішінде көпір, бөгет, айлақ пен соған ұқсас құрылыстарды қамтамасыз етті.

Бүгінде әлемде цементтің 30 түрі өндіріледі. 2015 жылы әлемде 4 мың млн тоннадан астам цемент өндірілген. Оның жартысынан көбі Қытайда қолданылды. Қытай әлемде цементтің ең үлкен өндірушісі әрі тұтынушысы болып табылады. 2020 жылға дейін әлемде цементтің жан басына шаққандағы тұтыну көлемі 539 кг-нан 640 кг-ға дейін артады деп болжануда. 2015 жылы Иран әлемде цемент өндіретін он елдің бірі болды.

Тарихи деректер бойынша, ирандықтар құрылыс материалдарын анықтап, жасауда терең тарихқа ие. Иранның әртүрлі жерінде өткен дәуірлерден қалған ғимараттар, соның ішінде әктас пен қызыл топырақ қоспасынан жасалған Парсы шығанағындағы шамшырақтар, бөгеттер мен айлақтағы нысандар ирандықтардың осы салада ғылыми мәліметтерінің болғанын көрсетеді. Иран географиялық жағдай тұрғысынан айналасын әктасты таулар қоршап тұрған аймақта орналасқан. Сондықтан цемент өндіру үшін қажет негізгі шикізатқа Иран бай. Х.ш.ж.с.б. 1307 жылы Иранда цемент зауытын салу үшін алғашқы зерттеулер жүргізіліп, соған қажет шикізат қорын есептеу басталды. 5 жылдан кейін Иранның алғашқы цемент пеші күніне 100 тонна көлеммен Теһранның оңтүстігінен 7 км қашықтықта, Бибі Шахбану және Сорсоре тауларының жанында Рей цемент компанциясында іске қосылды.

1952 жылғы Теһранның цемент зауыты 

Иранда цемент өндірісі басталғаннан бері 80 жылдан астам уақыт өткенімен, бүгінде бұл өнеркәсіп елдің инфрақұрылымдық салаларының бірі саналып, Иранның көптеген қызмет түрлері және өнеркәсіптерімен тығыз байланысты. Цемент өнімнің маңыздылығы оның құрылыс саласындағы түбегейлі рөлінен туындап отыр.  Иранның цементі әлемдегі ең сапалы цементтердің қатарына жатады. Қазіргі таңда Иранда 70-тен астам зауыт цемент өндіреді. Иран топырағының құрамына байланысты цементтің әралуан түрін, соның ішінде пуццолан мен клинкер түрлерін елдің ұлттық стандарттарына сәйкес өндіруге болады. Иранда 93 өндіріс желісі бар. Бұлардың 40-тан астам өндіріс желісі соңғы 10 жылда іске қосылған. Иранның цемент өнеркәсібіне тікелей қатысты жұмыстарда 20 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олардың барлығы осы өндірістің мамандары. Бұл өндіріс саласы 120 мыңнан артық адамды қосымша жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Иранда цемент өндірісі соңғы онжылдықта айтарлықтай артып, 156 пайызға өсіп, жылына 32 млн-нан астам тоннадан 83 млн тоннаға жетті. Иранда цемент өндірісі үнемі дамып келеді. Соңғы жылдары Иранның цемент өндіру және экспорттау саласындағы орны басқа белсенді елдердің арасында жоғарылай түсті. Иранға санкция салынғанына қарамастан, цемент өндірісі шикізатпен қамтамасыз ету үшін импортқа тәуелді емес. Зауыттарға қажет құрылғылар мен аппараттарға санкциялар қаржы және экономикалық тұрғыдан әсер еткен жоқ. Цемент өндірісінде жұмыс істеп жатқан ирандық мамандар өз шеберліктері мен біліктіліктерінің арқасында бұл саланың күрделі бағдарламалық қиындықтарын шеше алады.

 

Астахбанның ақ цементі

Иранда цемент өндірісінің өзіндік құны төмен. Қуат көзінің арзан болуы, сапалы шикізаттың көптігі, техникалық ғылым және қажет құрал-жабдықтардың 80 пайызға жуығының ел ішінде өндірілуі Иранда цемент бағасының тұтыну базарында бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізді. Соңғы жылдары Иранда өндірілетін цементтің бір бөлігі Ирак пен Ауғанстан елдеріне және Орта Азия мен Африка елдеріне, соның ішінде Ганаға елдің оңтүстігіндегі Бандар-Аббас айлағы арқылы экспортталады. Х.ш.ж.с.б. 1404 жылға дейін цемент өндірісі үшін белгіленген бағдарлама бойынша 120 млн тонна  цемент өндіріп, оның төрттен бір бөлігін басқа елдерге экспорттау осы құжаттың мақсаттарының бірі саналады. Бұл салада цементтің тиімділігін арттыру, бәсекелестік қабілетін жоғарылату, электр қуаты мен суды тұтынуды оңтайландыру, қосымша құнды арттыру, қосалқы өндірісті дамыту, сапа деңгейін жоғарылату, өнімдердің стандартын жаһандық деңгейге көтеру, қоршаған орта стандарттары көрсеткіштеріне қол жеткізу 1404 жылға дейінгі цемент өнеркәсібінің жалпы мақсаттары болып белгіленді.

Бүгінде әлемде бір тонна клинкер (clinker-портланд цементін өндіруге қажет шикізат) өндірісі барысында бір тонна көміртек газы өндіріледі. Цемент өндірісінде қоспа қолдану өндіріс барысында туындайтын ластандыруды айтарлықтай көлемде азайта алады. Цемент өндірісінен туындайтын ластаудың әсерін азайту мақсатында Иранда іргелі ғылымға негізделген бір компания темір балқыту өнеркәсібінде металл қорытқаннан кейін пайда болатын боқатты (Slag-шлак) шикізат ретінде пайдалану арқылы көк цемент өндіруде табысқа қол жеткізді. Көк цемент – қоршаған ортамен үйлесетін, іргелі ғылымға негізделген, қайта өңдеуден алынған өнім. Айта кету керек, 1 тонна шикі темір өндіруден 600-1000 кг боқат шығады. 1 тонна көк цемент тұтыну 900 кг-нан астам боқаттың табиғатқа тасталуының алдын алады. Көк цементтің артықшылықтары ретінде қуатты ең минималды деңгейде қолдануымен қоса, қысым мен мүжитін қышқылды факторлар алдында қарапайым цементтен мықтырақ болуын, химиялық қоспаларды қажет етпейтінін, ыстық ауада бетон құю үшін бетон өндірудің құнын азайтуын, цемент құрамының ешбір өзгеріссіз ұзақ сақталуын, жоғары температурада пісіруді қажет етпейтінін, диоксид карбон газының атмосфераға таралуын азайтатынын айтуға болады.

Клинкер цементін тұтынуды үнемдеу үшін Исфаһанның "Сепаһан" цемент компаниясының зерттеушілері ABS деп аталатын іргелі ғылымға негізделген өнім шығарды. Бұл зат болат боқатының қосындысынан тұрады. Болат боқаты – металл қорыту өнеркәсібінің қалдығы. Егер оны пайдаланбаса, қоршаған ортаның ластануына себеп болады. ABS затын бетонға қосу арқылы бетонның бағасын азайтумен қоса, оның қату уақытын кешеуілдетуге болады. Бұл ерекшелік бетонды географиялық қашықтық тұрғысынан ұзағырақ жерге тасымалдауға мұрсат береді. ABS затының келесі бір ерекшелігі бетон құю барысында гидратациялық жылылықтың азаюы салдарынан бетонның беріктігін екі есе арттырады.

 

 

 

Тегтер

Сараптама