Сәу 11, 2019 11:18 Asia/Almaty
  • Иран базары (59)

Көлік өнеркәсібі – әлемдік саудадағы маңызды өнеркәсіптердің бірі әрі елдердің даму көрсеткіші. Бұл өнеркәсіп саласы басқа 60 саламен байланыста болғандықтан «индустрияның локомотиві» деген атпен танымал.

Көлік жасау – әлемдік саудада маңызды өнеркәсіптердің бірі және елдердің даму көрсеткіштердің бірі. Бұл өнеркәсіп саласы басқа 60 саламен байланыста болғандықтан «индустрияның локомотиві» деген атпен танымал. 

Көлік өнеркәсібінде металдар, пластика, химия, текстиль, изоляция, шыны, электромеханика, электр қуаты, электроника, металлургия сияқты өнеркәсіп технологиясының кешені, сондай‑ақ, жобалау, басқару мен экономика салалары қолданылады.

2016 жылы әлемде 95 млн көлік жасалды. Оның 70 млн‑ы жеңіл көлік, қалғаны – коммерциялық көліктер. Ең көп көлікті Қытай, АҚШ пен Жапония шығарады.

 

 

Көлік жасау өнеркәсібі – өнеркәсіптің локомотиві

Иранда көлік жасау өнеркәсібінің тарихы елге «Форд» брендінің алғашқы көлігін әкелумен басталды. Бұл көлікті 20 ғасырдың басында Бельгиядан сатып алды. Түтінді көп шығарғандықтан ол «түтін арба» деген атпен танымал болған. Қала өмірін дамыту мақсатында Иранға көлік импорттау 1920 жылдан бастап арта түсті.  Сол жылдардағы көліктердің көбі АҚШ пен Англияда жасалды.  60 жылдардың басында Иранда көлік жасау өнеркәсібі жеке сектор тарапынан шетелдік компаниялардың әріптестігімен көліктің бөлшектерін монтаждау арқылы басталды.  Ислам революциясы жеңіске жеткенге дейін Иранда  көлік шығаратын 9 компания жұмыс істеді. Иран Ходроу, Парс Ходроу, Сайпа,  Замиад, Иран Каве өнеркәсіп компаниясы, Мораттаб, Ходроу, Лейланд Мотор, Хавар өнеркәсіп компаниясы, Бахман машина жасау тобы елдің көлік шығаратын топтарының қатарына жатады. Бұл компаниялардың зауыттарында жеңіл көліктер, жүк көліктері, автобус, мотоцикл мен жеңіл жүк көліктері жасалады. Көліктердің көбі Германия, Англия, Италия мен Жапония көлік жасау компаниялары брендтерінің рұқсатымен шығарылады.

 

Иранға келген алғашқы көлік «Форд» көлігі болды.  20 ғасырдың басында Мозаффареддин шаһ Қаджардың бұйрығымен Бельгиядан сатып алынды. Ол түтін көп шығаратындықтан «түтін арба» деген атпен танымал болды.

Ирандағы көлік жасау өнеркәсібі Ислам революциясынан кейін түбегейлі өзгеріске ұшырап, монтаждау кезеңінен өтіп, жобалау мен өндіріс кезеңін бастады. Ислам революциясынан кейін Иранның көлік жасау өнеркәсібі мемлекеттік сала деп жарияланды. Ирактың Иранға таңған соғысы мен содан туындаған қиындықтардан кейін бұл өнеркәсіп жаңа саясаттың жарияланғанына қарамастан қатты тоқырауға ұшырады. Таңылған соғыстың соңы мен 1992-2003 ж.ж. көлік жасау өнеркәсібі  импортты ішкі өндіріспен алмастыру стратегиясы негізінде өзін‑өзі қамтамасыз ету саясатын ұстанып, сапа, отынды тұтыну көлемі, ластауды азайту және тиісті баға белгілеуге көңіл аударды. Экспорттық мүмкіндіктерді қалыптастырып, дамыту мақсатында көлік жасау өнеркәсібінде бәсекелестік тудыру осы салаға инвестиция салушылардың келесі кезеңі болды. Көлік жасауды шамамен 10 пайызға арттыру, көлік жасау өнеркәсібінде монтаждан өтіп, шамамен 40 түрлі жеңіл көлік, 30‑дан астам коммерциялық көліктер шығару, Азия мен Африканың түрлі елдеріне, Венесуэла мен Кубаға көлік экспорттау – Ирандағы көлік жасау өнеркәсібінің жүз жылға жуық тарихының көрінісі. Осы жылдары Иранда шамамен 20 млн жеңіл көлік сатылды. Оның 90 пайызы ел ішінде жасалған.

Бүгінде Иранның көлік жасау өнеркәсібінде 25‑тен астам көлік өндіретін компания мен  бөлшек жасайтын 1200 кешен жұмыс істейді. Бұл өндіріс пен оған қарасты кәсіптерге Иран халқының 10 пайызы жұмысқа тартылған.  2014 жылы Иранда сатылған жалпы көлік пен қосалқы бөлшектердің құны 23 млрд долларды құрады. Оның ішінде бөлшек сатудың үлесі шамамен 5 млрд долларды құрады. 2025 жылға дейін Иранның көлік жасау индустриясында көлік пен қосалқы бөлшек сатудан түсетін табыс 45-50 млрд долларға жетеді деп болжанған.

 

 

Иранның көлік жасау индустриясының тиісті деңгейге жетуіне әлі біраз болса да, Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі жылдары санкция салынғанына қарамастан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Иранның көлік жасау индустриясының соңғы жылдарда қол жеткізген жетістіктерінің бірі дүниежүзілік стандарттарды сақтай отырып,  ұлттық мотор жасауы болды. «Иран Ходроу» компаниясында газбен істейтін мотор жасайтын алғашқы желіні іске қосу елдің өзін‑өзі қамтамасыз ету жолында жасалған маңызды қадамы болды. Бұл – әлемде көптеп өндіріле бастаған алғашқы газбен істейтін мотор. Осы жоба іске қосылғаннан кейін Иран мотор шығара алатын елдердің қатарына қосылды.

 

Көлік жасау индустриясында талқылынатын тақырыптардың бірі – көлік отынының түрі. Жер планетасының жылынуы, климаттық өзгерістер, әлемнің әртүрлі қалалары ауасының ластану деңгейінің артуы, қазба отын көздерінің азаюы көлік жасау индустриясындағы инженерлерді көліктердің отын тұтынуын азайту, ластауын азайту және отын көздерін оңтайлы пайдалану үшін әртүрлі шешім жолдарын табуға ынталандырды. Көлікті жобалау және жасау саласында отынның тұтынылуын азайту үшін  осы күнге дейін жаңа қозғалтқыш күш пен заманауи технологиялармен жасалған көліктер шешім жолы ретінде нарыққа таныстырылды. Электронды және гибридтік көліктер – осындай шешім жолдарының бірі.  

Гибридтік көліктер деп қозғалыс үшін кемінде екі энергия көзін қолданатын және екі түрлі қозғалыс күші дөңгелектерін қозғалтатын көліктер аталады. Гибридтік көліктердің жаңа буынында отынды және электр моторы қозғалысқа қажет күш тудырады. Бұл көліктерде мотор тұтынатын электр қуаты екіполюсті батареялардың жаңа буыны арқылы қамтамасыз етіледі. Көліктердің бұл түрінде отынмен жүретін мотор – көлікті қозғалтатын қуаттың негізгі көзі, ал батарея қосымша қуат көзі ретінде қолданылады.

Көлік жылдам қозғалу үшін жоғары қуатты қажет еткен жағдайда электр моторы автоматты түрде іске қосылады. Қалыпты жағдайда отынмен істейтін  мотордан алынған қосымша күш дином арқылы батареяда жинақталады. Осылайша отынмен істейтін мотордан алынатын қуаттың ысырап болмауына жағдай жасалып, отын тұтыну көлемі төмендеп, көлік отынынан туындайтын ластау азаяды.

 

Ирандағы электр және гибридтік көліктер

 

2030 жылға қарай әлемдегі көліктер электр және гибридтік моторлар негізінде жобаланып, жасалады.  Гибридтік көліктер тарихы бір ғасырға жуық уақыт бұрын басталған. Ол кезде электр және гибридтік көліктер бойынша ұсынылған жобалар кейбір қиыншылықтардың, соның ішінде батареяны қуаттандыру, батарея салмағының ауыр болуы және оның қоршаған ортаны ластауына байланысты қолдауға ие болмады. Алайда соңғы жылдары бұл технологияға әлемнің көлік жасау индустриясын дамыту және зерттеу орталықтары тағы назар аударды. Электр және гибридтік көліктердің артықшылықтары ретінде қазба отыннан туындайтын қоршаған орта ластануының азаюы мен бұл көліктерде қуат көздерінің арзан болуын атауға болады. 1996-2006 жылдар аралығында электр көліктері батареяларының бағасы төрттен бір есе  азайды.

Ирандық көлік жасаушылар да әлемдік көлік жасау индустриясындағы осы маңызды оқиғадан қапы қалмады. Кейбір ирандық инноваторлар мен жобалаушылар осы салада жұмыс істеп жатыр. Он екі жыл бұрын «Ариана‑800» деген смарт электр көлігі Аустралияның Мельбурн қаласында   сағатына максималды 200 км жылдамдықпен қозғалды. Аустралияның SBS телеарнасы өнімнің түпнұсқалығына сенімділікке қол жеткізгеннен кейін оның ирандық өндірушісін атап, ресми түрде жариялады. Әлемнің алғашқы смарт электр көлігін ирандық азамат ойлап тауып, өндірді.

 

«Ариана‑800» смарт электр көлігі

Электр және гибридтік көлік саласындағы ирандық келесі инновация – жердің тартылыс күшінен қуат алатын батареяны жобалап, жасауы. Көптеген аппараттар мен жабдықтар, соның ішінде электр көліктерінде қолданылатын бұл батарея қазба отынды пайдаланусыз электр көліктері үшін қажет 220 вольт электр қуатын өндіру мүмкіндігіне ие. Осы аппараттың артықшылықтарына  көлемінің шағын болуы мен салмағының аз болуы жатады. Ол электр көліктеріне орналастырылу мүмкіндігіне ие. Мұнымен қоса,  ол қоршаған ортаны ластамайды. Бұл аппараттың келесі артықшылығына батареяның көліктің қозғалысы барысында қуатталатыны жатады. Көлік батарея қуатталу үшін тоқтауды қажет етпейді.  

Электр көліктері саласындағы жетістіктердің бірі ретінде ирандық зерттеушілердің электр мотоциклдің негізгі жүйелері мен бөлшектерін жобалап, дамыту біліміне ие болуын атау керек. Бұл салада «Иуз» деген коммерциялық атпен танымал екі адамдық төрт дөңгелекті мотоцикл «Квадра  Q1»-ді айтуға болады. Бұл көлік 200 км қашықты жүріп өте алады. Батареясы 3 сағатқа жетеді. Сағатына 80 км жылдамдықпен жүреді. Қуатталатын бұл мотоциклдің ең маңызды ерекшеліктерінің біріне қоршаған ортаға еш зиян келтірмеуі жатады.

 

Сараптама