Қаз 12, 2019 20:04 Asia/Almaty
  • Алланың есімдері 2

Құдай өзін адамдарға таныстыру үшін нақты сипаттары мен нақты есімдерін мәлім етті. Бұл есімдердің әрқайсы ұлы Құдайдың кемелдігін арттыра түсті. Сол кемелдіктердің кейбіреуі келесі біреуінен артығырақ болғандықтан Алланың есімдері де деңгейлері тұрғысынан бір-бірінен айырмашылықтарға ие. Есімдерінің ішінде ең кең тарағаны – басқа есімдердің барлық кемелдігін қамтитын «Аллаһ» есімі. Бүгінгі бағдарламада Құдайдың осы есімімен таныстырамыз.

Армысыздар құрметті оқырмандар! «Хақтың есімдері мен сипаттары» деген бағдарламалар жиынтығының екінші бөлімін назарларыңызға ұсынамыз. Алдыңғы бағдарламада «Рахман», «Рахим», «Латиф», «Хаким», «Азиз» сияқты тағы басқа ең көркем, ең жақсы есімдердің Құдайға тиесілі екенін айттық. Құдай бізден өзін осындай есімдермен шақыруды сұрады. «Ағраф» сүресінің 180 аятында: 
 

وَ لِلّهِ الأَسْمَاء الْحُسْنَى فَادْعُوهُ

«Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар», - деді. 

 

Осы шарапатты аяттар барлық нәрсенің жаратылысын «Халеқ» деген Құдайдың есімімен байланыстырады. Басқаша айтқанда, осы аятта «Құдай «Халеқ» деген есіммен барлық нәрсені жаратады», - дейді.

Сонымен қатар «Анғам» сүресінің 95-аятында дәндер мен дәнектердің жарылуы мен олардың ішінен жаңа ақиқаттардың пайда болуын «Фалеқ» деген өз есімімен байланыстырады.

«Құдай дәндер мен дәнектерді жарушы. Өліден тіріні шығарады. Тіріден өліні шығарады. Сендердің Құдайың осындай! Ондай болса неліктен Хақтан бұлтарасыңдар?».

Құдай өзін таныстыру үшін ерекше сипаттары мен ерекше есімдерін мәлім етті. Бірақ сол есімдердің арасында байланыс бар. Есімдер жоғары шенді, һәм төменгі деңгейдегі бір әскердің күштері сияқты; бұл әскерилердің арасында гвардия басшысы отрядтың басшысын басқаратындай, бірақ өзі де жоғары қолбасшыға қарайтын сияқты.

Құдайдың есімдері де деңгейлерге ие. Яғни, Құдайдың кейбір есімдерінің мағынасы кеңірек. Ондай есімдердің топтамасына басқа есімдер де кіреді.

Мәселен, ұлы Құдай науқасқа шипа беретіндіктен «Шафи» деп аталады. «Шафи» есімі «Раззақ» есімінің топтамасына кіреді. Себебі ол әртүрлі ырзықтарды түсіреді. Шипа соның бірі. Раззақ та «Халеқ» есімінің топтамасына кіреді. Себебі «Раззақ» есімі іске жарап, ырзық дайындалуы үшін алдымен тіршілік иесі жаратылуы керек. 

Сондай ақ, «Халеқ» те «Ғадер» есімі топтамасына енеді. Себебі Құдайдың барлық нәрсеге құдіреті жетеді. Жарату соның бірі.

Осы негіз бойынша ерекше бір есімнің жоғары жағында келесі бір есім орналасқан. Осылайша есімдердің тізбегі Құдайдың ең жан-жақты, ең үлкен есімі Аллаһқа жетеді. Бұл басқа есімдердің топтамасының астында тұрмайтын, барлық есімдер жүйені сақтап, соның топтамасының астында тұратын ұлы есім.

Сол себепті «Аллаһ» барлық есімдер мен сипаттардан үстем және олардың барлығының кемелдігін қамтитын есім.

«Аллаһ» деген ұлы сөз Құдайдың ерекше, мағынасы кең есімі. «Аллаһ» "الله"  сөзінің тамыры туралы былай айтылады: «Аллаһ екі бөлімнен: «Алеф آ» пен «лам ل» және «Құдай» деген мағынадағы «Елаһ اله» деген сөзден құралған.

«Аллаһ» ақыл оны түйсініп, тануда қайран қалатынның өзі. Барша оған ғашық, одан жыраққа шыдай алмайтынға «Аллаһ» дейді. Сонымен қатар «Аллаһ» деген адамдар оның ұлылығын түсінсе, одан қорқып, оны құрметтейтіннің өзі. 

«Ал» мен «Елаһ»-тың қалай «Аллаһ»-қа деп айналғанының егжей-тегжейіне мынадай түсінік берілген: «Жалғыз әрі теңдессіз Құдайды «Елаһ» деп атап, оған тағзым ететін «ал»-ды қосқан соң «Алаллаһ»-қа айналған. Бұл сөзді көп пайдалану барысында ортадағы «алеф» қысқарып, «Аллаһ» деген сөзге айналған».

Құдайды «Аллаһ» деп атайды. Өйткені ақыл оның қасиетті болмысының алдында қайран қалып, бар назар соған ауып, ғашық болып, оны пана тұтады. Мүміндердің әмірі хазірет Әлиден мынадай сөз қалған: «Аллаһ»  жаратылыс оның алдында таң-тамаша қалып, оған ғашық болатын Құдай. Ол көздерден таса, ой деңдей алмайтын жасырын Құдай".

«Аллаһ» деген ақыл оның мағрифатын түсінгенде сергелдең күй кешіп, танудан қауқарсыз қалатын, бірақ жүрек оны еске алу арқылы тыныштық табатын, рух пен жан оны еске алумен тыныштыққа бөленетін Құдай.

Тек ол ғана адамды зұлматтан шығарып, нұрға бөлейді. Сонымен қатар одан алыстап, теріс айналу адамды шынайы тыныштықтан кенде етіп, оның болмысын қам-қайғы мен алаңдаушылық жайлайды.

Сондықтан «Аллаһ» есімі аспандық кітап Құранда екі мың бес жүз реттен артық аталған. Бұл есім адамның жүрегін нұрландырып, оған деген үміт жанды  тыныштыққа бөлейді.

Алдыңғы бағдарламада да оған сілтеме жасағандай, бұл есімдерді тек оқумен шектелу жеткіліксіз. Сол есімдерге ұқсауға талпыныс жасау да қиындықтарды шешеді.

Құдайдың есімдерінің әрқайсы ұлы Құдайдың шексіз кемелдігін білдіреді.

Бірақ «Аллаһ» Құдайдың барлық сипаты мен кемелдігін білдіретін жалғыз есім. Басқаша айтқанда, «Аллаһ» Құдайдың барлық сипатының жан-жақты сипаттамасы. 

Сол себепті Құдайдың басқа есімдері көбінесе «Аллаһ» деген есімнің сипаты ретінде айтылады. Мысалы: "فَإِنَّ اللّهَ، غَفُورٌ رَّحِیمٌ:

«Құдай өте кешірімді, мейірімді» деп Құдайдың кешірімді сипатына сілтеме жасағандай.

"فَإِنَّ اللّهَ سَمِیعٌ عَلِیمٌ

Шын мәнінде «Құдай дана естуші» деп оның естігендеріне қатысты хабардарлық сипатына сілтеме жасайды.

Құдай Құранның «Хашр» сүресінің 23-24 аяттарында:

 

هُوَ اللَّهُ الَّذِی لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْمَلِکُ الْقُدُّوسُ السَّلَامُ الْمُؤْمِنُ الْمُهَیمِنُ الْعَزِیزُ الْجَبَّارُ الْمُتَکَبِّرُ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا یشْرِکُونَ 

 ". هُوَ اللَّهُ الْخَالِقُ الْبَارِئُ الْمُصَوِّرُ لَهُ الْأَسْمَاءُ الْحُسْنَى یسَبِّحُ لَهُ مَا فِی السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَهُوَ الْعَزِیزُ الْحَکِیمُ

Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк. (23)

Ол Алла, Жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем, Аса дана. (24)

Осы аяттарда «Жаратушы», "Мосаввер" сияқты тағы бірнеше есім «Аллаһты» сипаттайды.

«Аллаһ» есімі Құдайдың басқа есімдерінің барлық кемелдігінің жан-жақты сипаты болуымен қатар басқа есімдердің бәрінен озық тұрады. Басқа да артықшылығы бар. Соның ішінде тек Құдайға тиесілігі, оның жалғыздығына иман келтіріп, мойындайтын "أشهد أن لا إله إلاّ الله"  сөйлем сол арқылы жүзеге асады.

 

"لا اله الا العلیم، الا الخالق، الا الرازق"

Сияқты сөйлемдер ешуақытта жалғыз өзі тоухид пен исламға дәлел бола алмайды.

Сондықтан басқа діндер мұсылмандардың Құдайына сілтеме жасамақ болғанда «Аллаһты» атайды. Себебі «Аллаһ» мұсылмандар арасындағы ең жаң-жақты, ең танымал, ең көп қолданысқа ие Пәруәрдігердің есімі.

«Аллаһ» есімі Исламнан бұрын да ұлы Құдайға қатысты айтылған. Шын мәнінде, кәпірлер мен мүшіріктер де Аллаһтың болмысын теріске шығармай, оны осы есіммен танитын. Бірақ олар «Аллаһ» барлық нәрсенің, тіпті пұттардың да Жаратушысы деген уәж айтатын.  

Сол себепті Құдай «Лұқпан» сүресінің 27 аятында пұтқа табынушылардың мінездері мен тәсілдерін баяндап: «Егер олардан аспан мен жердің Жаратушсы кім деп сұрасаңдар, берген жауапта міндетті түрде «Аллаһ» дейді» деген.

Бірақ исламнан бұрынғы кезеңде танылған «Аллаһ» бір Құдай болған жоқ. Оның серіктері, нөкерлері, ұлдары мен қыздары болды. Жәһілдік кезең ақындарының өлеңдерінде «Аллаһ» деп Құдайдың қасиетті болмысына айтылды.

Бірақ жәһілдік ғасырының танымал ақыны Лабейд былай деген: «Аллаһтан басқа кез келген нәрсе жалған. Кез келген нығмет қаласаң да, қаламасаң да жоғалады».

Ардақты пайғамбар бұл өлеңді растап: «Бұл өлең араб шығарған ең шынайы өлең» деген.

Бір Құдайға табынушылар да «Аллаһ» есімімен үнемі хақ Тағаланы еске алған. Хазірет Сүлеймен өз хатын «Мейірімді де рақымды Аллаһтың атымен» деп бастаған. Одан бұрын да хазірет Нұх кемені «Аллаһтың» атымен қозғалтып, «Аллаһтың» есімімен құрғақ жерде тоқтатқан.

Соңғы сөз ретінде айтарымыз, Аллаһ есімін атаған кезде біздің жүрегімізде Жаратушыға қатысты ұлылық, құдірет, ғылым мен хикмет сезімдері пайда болады. Барлық кемелдіктің иесі, кез келген мін мен кемшіліктен пәк осы ізгі есімге дайым көңіл аудару біздің рухымыз бен жанымызды тазартып, зұлматтар мен жамандықтардан алыстатады.  

Шынтуайтында, өзін үнемі Аллаһтың дәргейінде тұрғандай сезіну адамды күнә мен ластықтан алыстатады. Оны еске алу жанды жадыратып, жүректі тыныштандырады.

«Рағыд» сүресінің 28 аятында: «Аллаһты еске алу жүректерді тыныштыққа бөлейді» дейді. Ондай болса осындай шарапатты еске алуды ешбір жағдайда естен шығармайық.

 

 

 

Тегтер

Сараптама