Жел 23, 2019 18:59 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 6

XVIII ғасыр Батыс тарихында «Ағарту және ақыл ғасыры» деп аталды. Мұны қазіргі заманның бастауы деп атауға болады.

 

XVIII ғасыр Батыс тарихында «Ағарту және ақыл ғасыры» деп аталды. Мұны қазіргі заманның бастауы деп атауға болады. Өйткені бұл дәуірдегі Батыстың саяси-әлеуметтік өзгерістері, соның ішінде өндірістік революция діндердің, әсіресе Ислам діні арасындағы қатынастарда жаңа пікірталастардың пайда болуына жағдай жасады. Бұл ғасырдың жазушылары мен зерттеушілері зерттеулерін екі тұрғыда жүргізді. Басқа діндердегі бәсекелестерін жою мақсатында христиандар тобы Исламға қарсы үгіт-насихат жасады.

Доктор Абдулхади Хаери ағарту ғасырының ойшылдары туралы: «Ағарту ғасырының мүсіншілері өз сөздері мен жазбаларында әлемдіктерге өтіріктері арқылы Еуропаның шекараларының сыртында өркениетсіз адамдар өмір сүреді және тек Еуропа ең жоғары өркениет деп сендіргілері келді. Тарихты өзгерту қастық әртүрлі үш әдіспен жасалды:

  1. Еуропадан басқа өркениеттердің айбынының алдында үнсіз қалу;
  2. Басқалар өркениеттерінің құндылықтарын керісінше көрсету;
  3. Әлемдіктерге білім мен техника және мамандар емес, рационализм, сондай-ақ көне сүннеттерден алыстау   Еуропаны басқа әлемнен артық етті деп көрсету.

Батыс ойшылдарының тарихты өзгерту үдерісінде исламдық мәдениет пен өркениет әлемдегі басқа мәдениеттер мен өркениеттерден көбірек нысанаға алынды.

Керісінше, христиан дінбасыларының қоғамда жасаған қиянаттарын білетін шығыстанушылардың тағы бір тобы ислам мәтіндерін зерттеу арқылы Ислам діні мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) туралы құпияны ашуға талпынды. Бірақ Ислам мен Мұхаммад пайғамбарына (с.ғ.с.) қарсы қарсы болмаған шығыстанушылар тобы, өкінішке орай, хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) Батыстың моральдық негіздері тұрғысынан зерттеген. Сондықтан олар тарихты немесе исламдық мәтінде қате түсінулері және аударламлардағы қатерелге байланысты исламдық түсініктерді дұрыс түсіне алмай, Исламның ұлы басшысының жарқыраған жүзін көрсете алмады.  Бірақ не дегенімен хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) илаһи пайғамбарлардың соңғысы және  тарихтағы өзгерістер мен әлемнің ахлақ, әділет талап ету, адамгершілік, білі мен өркениетке қарай өзгерістеруінің қайнары, сондай-ақ хазірет иса келуі туралы хабарлаған илаһи елшінің өзі екенін көрсете алды. Құран Кәрімнің «Сафф» сүресінің 6-шы аятында: «Сол уақытта Мәриям ұлы Иса (ғ.с.): “Әй Израил ұрпақтары! Шын мәнінде мен, сендерге Алланың елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы және менен кейін келетін “Ахмед” атты пайғамбарменен сүйіншілеймін” деген еді...»,- деп айтылды.   

19-шы ғасырдың алғашқы жылдарында Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің тағылымдарын қорғауға дайындығын білдірген адамдарды көреміз. Наполеон Бонапарттың жақтастарының бірі  Каролина фон Гюндероде хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) ерекше дәрежелі тұлға ретінде сипаттаған пьесасын жазды. 1804 жылы ол «Мұхаммадтың шөл даладағы арманы» деп аталған өлеңі жарық көрді. Каролина фон Гюндероде өзін әдеттегі өмірден алыстатқан монах әйел болы. Бірақ өмірінің шараларына қарамастан батырлық ағымына жақын болды. Ол неміс монастырында хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) мадақтап,  хазіретті әлемнің заңдарын  өзгертетін ойы жоғары тұлға деп білді.

Каролина фон Гюндероде

​Каролина фон Гюндероде

Гюндероде өз өлеңінде хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) уәһи түскен кездегі сәтін хазірет Исаның дұғасы және ғибадаты, сондай-ақ зәрдушт дініндегі су, ауа, өрт және жермен бірге көрсетті. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) өзінің ішкі даусына құлақ салып, Жаратушының рухын шақырады. Бұл ақын хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) уәһиды қалай алатынын әдеби тілмен сипаттайды. Исламдық рауаяттардың бірінде: «Мұхаммад уәхи түскен кезде алаңдап, ұйқысынан оянып кетеді. Оның болмысы қорқынышқа толы. Бір мезгілде жұлдыздардан дауыс естілді. Ол таңғалып, айқайлайд: «Енді илаһи нұрдың келешекте мені дұрыс жолға нұсқайтын жұлдыз болуына еш нәрсе кедергі бола алмайды», - деп жазды.

Осыдан бұрын неміс ақын  Иоганн Вольфганг фон Гетенің Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы өлеңіне тоқталып,  әлемнің мәдениет және өнер сарайының ең ірі сәулетшілерінің бірі болған Гетенің  ағартушылық кезеңінде Ислам мен Алла пайғамбарын   «Мұхаммедтің әнұраны» және «Батыс-Шығыс диваны» деген екі шығармасында мадақтағанын, ұзақ зерттеулерінен кейін хазіретке құрмет көрсеткенін жаздық. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің ахлағы және дінімен жүректерді баурап, қысқа уақыттың ішінде Исламды Арабия түбегінен бастап басқа елдерге де таратты. Хазіреттің тағылымдары күн сайын жүректерді жаулап, шақырған даусы жүректерге қонымды болды. Сондықтан әйгілі неміс ақындарының көзқарасы бойынша хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) шексіз теңізге айналып, әрдайым адамдарды бақыттың мәңгі сарайына қарай жетеледі.

Гете үшін өмір сүру және әрекет ету маңызды болды. Діни қызметкерлер мен сопылардың жанды нығайту және ауыр жағдайға төзімді болу жөніндегі уағыздары ол үшін жағымсыз болды. Ол өлімді «мәңгі өмір» емес,  өзгерудің бір түрі деп санады. Гете барша жаратылысты негіз және мәңгі санады. Ол осы пікірімен Пайғамбарды (с.ғ.с.) жақсы көріп, хазіреттің тағылымдарын құтқаратын бұлақ деп ойлады. Ол 23 жасында Хердер деген досына Құранның мистикалық тартымдылығы туралы айтып, Құдай мен хазірет Мұсаның «Таһа» сүресіндегі сұхбатына тоқталды. Ол тіпті бұл сүренің 25-ші аятына сілтеме жасап: «Хазірет Мұса секілді ғибадат жасағым келеді. Құранда хазірет Мұсаның «Раббым! Көңілімді кеңейткейсің!» деп айтқаны туралы айтылды»,- деп жазды.

Гете Исламның ұлық пайғамбарын мәңгі мұрасы Құран үшін мадақтап: «Оның Құранын Алланың заңы санау керек. Оған басқа кітаптарға қарағандай қарауға болмайды. Құранның стилі күшті, керемет, бай және шындығымен таңқалдыратын құрметке ие»,- деді. Гете өз хатында Исламды мадақтап: «Тек өз пікірін мадақтаған – ақымақ. Ислам дінінің мағынасы Аллаға бағыну, сондықтан біз бәріміз Исламда өмір сүріп, мұсылман ретінде өлеміз»,- деп жазды.

 

 

Тегтер

Сараптама