Қаң 19, 2020 18:31 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 7

ХІХ ғасырда ресейлік үлкен ақындар Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өзі мен илаһи тағылымдарына ерекше көңіл бөлді.

Исламның ұлық пайғамбары барлық жақсылықтардың бұлағы болып әрі өзінің мінез-құлқы, рақымы және мейірімі, сондай-ақ рухани болмысымен пұтқа табынған және адасқан надан халықтың жүрегі мен жанына әсерін тигізуімен бірге олардың өмірлерін өзгертті. Ғасырлар өткеннен кейін де бұл ұлы тұлғаның болмысының тереңділігін зерттеген әр адам хазіреттің өзі және шындық жолдауы мен мәңгі тағылымдарына ғашық болады.

ХІХ ғасырда ресейлік үлкен ақындар Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өзі мен илаһи тағылымдарына ерекше көңіл бөлді. Орыс ақындардың көбі өлеңдерін Құран және исламдық тағылымдарының әсеріне түсіп, жазды. Гүлістан келісіміне қол қойылып, хиджри-шамси күнтізбесінің 1192 жылы  Кавказ Ресейге қосылған соң орыстардың бұл аймаққа қатынасы артып, Ислам, Құран және Пайғамбармен (с.ғ.с.) жақсырақ танысуға жағдай туды. Ресейлік әйгілі жазушылардың еңбектерінде Шығысқа маңызды  назар аударылды.  Шығыстың таңғажайып табиғаты Пушкин, Лермонтов, Толстой сынды жазушылар мен ақындардың көркем шығармаларының пайда болуына себеп болды. Исламның ұлық пайғмбарының болмысы мен өмірі  бұл ақындардың шығармаларының тақырыптарына енді. Әйгілі орыс ақыны А.С.Пушкин басқа орыс әдебиетшілеріне қарағанда Шығысты көбірек жақсы көріп, оның мәдениеті мен мұраларын қабылдады. Замануи орыс тілінің негізі және орын ақындарының көшбасшысы саналатын Пушкин өз хаттарында сан рет қасиетті Ислам діні мен Пайғамбарды (с.ғ.с.) мадақтаған. Осыған орай "Пушкин Шығысқа деген көзқарастың өзгеруіне маңызды әсерін тигізді" деп айтуға болады.

А.С. Пушкин

А.С. Пушкин (1799-1837) - орыс ақыны, прозаик, драматург, қазіргі орыс әдебиетінің негізін қалаушы. Оның пікірінше, әдебиет өмірдің шындықтарын көрсететін құрал.

Пушкин күрескер және азаттықты талап етуші адам. Ол әлемнің әйгілі тұлғалары мен зерттеушілерінің өмірі мен илаһи қасиетті кітаптарға немқұрайдылық білдірмеді. Керісінше оларға қызығушылық білдірді. Ол өзінің азаттық талап ететін шығармаларында қоғамның қажеттіліктері жөнінде айтып, таңырқататын жылдамдықпен халықтың әртүлі таптарының арасына жол тапты. Дәл осы мәселе оның қудалануына себеп болды. Ол Құранға жақындап, Құранның сөздері оған әсерін тигізіп, надандық пен материалдық тәуелділіктен босады.     Орыс ғалымы ханым Касталованың пікірі бойынша: «Пушкиннің "Құранды үлгі тұту"   өлеңдер жинағы  қасиетті Құранның орыс тіліне жасалған аудармаларынан алынды".  Құран Пушкинде алғашқы жанданудың ұшқынын тудырды, сондықтан оның ішкі өмірі үшін өте маңызды болды».  Пушкин Құран мен Пайғамбардың әсеріне түсіп,  «Пайғамбар» деген өлеңің жазды. Бұл өлең 1926 жылы жазылды.   Ал бұдан бұрын ол 1824 жылы «Құран мен Пайғамбардың жарығы» деген шығармасын жарыққа шығарған.

Исламның ұлық пайғамбарының беғсаты, яғни хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пайғамбарлық міндетке сайлануы Ислам тарихының ең маңызды оқиғаларының бірі болды. Сондай-ақ бұл кезеңде Құран Кәрімнің жіберілуі де басталды. Пайғамбар (с.ғ.с.) беғсатынан бұрын ғибадат жасауы және ойлануы үшін Хира тауына кетіп,  жаратылған әлем және оның жаратылуының мақсат ыжөнінде ойланатын. Беғсат кезінде илаһи періште Жебрейіл хазіреттің қасына келіп, Алланың атымен Оның бұйрығы мен тауһид наным-сенімін жеткізіп, хазіреттің халықты дұрыс жолға салуға міндеттеді. Бұл илаһи бұйырықпен Алла елшісі күпірлік, әр бұрмаланған наным-сенім және ырымшылдықпен күресіп, әлемдіктерді ілім мен ақыл сай әдемі  жолға нұсқау міндетке иеленді. Пушкин Алла елшісіне уаһи түскен кездегі өзгерістердің әсеріне түсіп, Пайғамбар (с.ғ.с.) жөнінде: "Ол үшін қарапайым адам түсінбейтін әлемнің сырлары мен табиғи құбылыстар айқын болды",- деп айтқан болатын. Пушкин Пайғамбардың беғсаты туралы өлең жазды. 

Пушкин Пайғамбарды (с.ғ.с.) аптап далада адамның шөлін қандыратын елші деп санайды. Ол  Жәбірейілдің Пайғамбарымға (с.ғ.с.) түскені туралы айтқанда, бірнеше қанаттары бар періште ретінде көрсетілді. Зерттеушілердің пікірлерінше, бұл «Фатыр» сүресінің 101-ші аятына негізделген.

Пушкин Исламның ұлық пайғамбары туралы кейбір өлеңдерінде Құран аяттарын, мәселен «Әлақ» және «Иншераһ» сынды сүрелеріне сүйенеді деген ой туады. Пушкиннің діни және Шығыс тақырыбына көңіл бөуі тек бір өлең жинағымен шектелмеген. Оның «Пайғамбар» және «Хафиз» деп аталған өлеңдері де діни және Шығыс мәдениетінің әсерімен жазылған.

Пушкинның «Құранға еліктеу» деп аталған өлеңі тәуелсіз 9 бөлімнен тұрады. Бұл бөлімдердің ортақ тұсы - оларды Құран тақырыптары мен түсініктері рухтандырады.

 Ант етем жұппен, тақпенен,

 Ант етем қылышпен, ұранмен.

 Ант етем таңғы сәтпенен,

 Ант етем ақшамғы дұғамен.

 Тастаған жоқпын сені мен,

 Біреулер қорлайтын налаға.

 Бағалап оны сеніммен,

 Кіргіздім қорғаушы панаға.

 Мен емес пе ем, шөлдесең,

 Мөлдірмен мейіріңді қандырған?

 Мен емес пе ем, сөйлесең,

 Тіліңді ақылмен алдырған?

 Жалғанды жеңіп тұманды,

 Адымда ақиқат жолымен.

 Жетімді жебеп, Құранды

 Ұғыңдыр жандарға жөнімен

Бұл өлеңнің   алғашқы екі  шумағы "Зуһа", Тарық", "Аср" және "Фажр" сүрелерінен, сондай-ақ Құран сүрелерінің әртүрлі анттарынан тұрады. Бұл өлең ақынның бұл шумақтардың жазуынан бұрын Құранмен толық таныс болғанын көрсетеді. Ақын өзінің түсінігі бойынша, ақындық дарының пайдаланып, бұл әдемі өлеңді жазған. Келесі екі шумағы "Тәубә" сүресінің 40-шы аятынан алынған. Үшінші шумағы Исламның  ұлық прайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ауызынан айтылған. Құранның сүрлерінді  бұл туралы көп айтылған. Төртінші шумағында жомарттылық, махаббат пен мейірімділік, жетімдерге көмектесу сынды қадір-қасиеттерді көрсетіп, соңғы екі шумағында Құранды насихаттады. Құранның сүрелерінің көптеген аяттарында бұл жәйттерге тоқталды. «Мәиде» сүресінің 67-ші аятында: «Әй, Пайғамбар! Раббың  тарапынан түсірілгенді жалғастыр..»,- деп айтылды.  

Расында шындық пен әділетке негізделген танымал діни шығармалар географиялық шекараларды танымайды, белгілі бір халықтарға байланысты емес, олар жаһандық болыр табылып, әртүрлі елдердің жақындауы мен достығына себеп бола алады. Қасиетті Құран Кәрім әлемдік жолдауымен адамзат үшін бақытты өмір сүру заңдарын ұсынады. Исламның ұлық пайғамбары да әлемдіктер үшін рақымдылық ретінде таныстырылды. Хазіреттің діні мен тағылымдарының адамзаттың жаны мен рухында орын тапқаны табиғи жәйт. Пушкин Құранмен таныс және Алла елшісінің болмысынан хабардар болып, өзінің дарыны мен ақындық қабілетін пайдаланып, шындықты және Исламның ұлық пайғамбарының жарқыраған болмысын көрсете алды.

 

Тегтер

Сараптама