Қаң 21, 2020 19:39 Asia/Almaty
  • Имам Хомейни мектебінде 12

Ислам революциясының жеңісінен алты ай өтпей, Ислам республикасы жүйесі жөнінде референдум өткізілді. Сондай-ақ, саяси кеңістік ашылып, әртүрлі саяси партиялар мен топтар жұмыстарымен еркін айналысатын болды.

 

Ислам революциясы ерекшеліктерінің бірі Ислам революциясы жетекшісінің қырағылығымен үстем жүйе құлай салысымен, мемлекет ішкі және аймақтың саяси өзгерістеріне куә болып, төңкеріс немесе ішкі, болмаса сыртқы қастандық барысында революция жойылады деген алаңдаушылықтар байқалған жағдайда биліктің жылдам және демократиялық жолмен ауысуы болып табылады.

 

Ислам революциясының жеңісінен алты ай өтпей, Ислам республикасы жүйесі туралы референдум өткізілді. Сондай-ақ, саяси кеңістік ашылып, әртүрлі саяси партиялар мен топтар жұмыстарымен еркін айналысатын болды. Имам Хомейни референдумға санкция салған немесе қастандық жасағандарға реакция білдіріп: «Біз референдум өткізгіміз келді, халық қолдады. Кім қарсы болды? Кейбіреулер санкция салды. Олардың кейбіреуі Күрдістанда болды. Кейбір жерлерде дауыс беретін жәшіктерді өртеді, кейбір жерде халықтың дауыс беруіне кедергі жасау үшін қару қолданылды. Референдум үкіметттің саясатына қайшы келе ме? Бүкіл халық қолдаған референдум санкция салатындай халықтың мүддесіне қайшы ма? Олар революцияның нәтижеге жеткенін қаламайды», - деді. (58/1/29 және 58/3/27).

Жаңа жүйені растаған референдумнан кейін революцияшылдардың ең маңызды әрекеті Конституцияны бекітуі болды. Бұл  салада да имам Хомейнидің қырағылығымен елдің Конституциясы жылдам дайындалып, бекітілді.  Сондай жағдайда бүкіл халық тарапынан мәжіліс сайланды. Конституцияны дайындау үшін сенімді адамдар мен топтар болды. Бірақ ішкі және сыртқы қастандықтарға алаңдаушылық білдірген имам Хомейни: «Бұл маңызды жұмысты жылдамдату үшін халық Хобреган мәжілісіне санаулы өкіл сайлап, олар қысқа уақытта Конституцияны дайындайды», - деп жариялады. Кейбір саяси ұйымдар бұл шешімге қарсылық білдірді. Олардың қарсылықтары имам Хомейнидің реакциясына тап болды. Имам: «Референдумға қатыспағандар енді Конституцияның бекітілуіне қиындық тудыруда. Өйткені бұл негізгі заң – ислам Конституциясы. Олар Исламнан қорқады. Олар Батыстағыдай 70-80 өкілі бар Парламент болсын дейді. Сонда мүшелерді жинағанша бірнеше ай өтеді. Заңды Конституцияны бекіту үшін бірнеше жыл қажет болады. Сөйтіп бұл мәселе кейінге қалады», - деді. (58/4/25). Имам елдің   кейбір аймақтарында болған алған бүліктер жөніндегі сөзінде: «Күрдістан мен Хузистандағы қазіргі бүліктер – Конституцияны болдырмай, топтарды бір-бірінен ажыратуды көздейтін жобалар»,- деп ескертті. (58/4/25).

Имам Хомейни Конституцияның әсіресе саяси топтар мен партиялардың белсенділігіне байланысты негіздеріне қарсыларға реакция білдіріп: «Партияның ұлттық біртұтас қызметін бұзуға бағытталған кейбір қозғалыстар Ислам республикасының діни құндылықтары мен қағидаттарына нұқсан келтіріп, Ислам революциясының мақсаттарын жүзеге асыруға кедергі жасады. Хобрегон мәжілісі заңды дайындады. Кейін ол референдумға салынды. Яғни, әлемдегі бүкіл демократиялардан жоғары демократиялық үдеріс жүзеге асырылып, халық Хобрегон мәжілісі мүшелерін сайлауға, олар дайындаған заңға дауыс беруге қатысты. Бірақ кейбір топтар бұл заңның кемшіліктерін іздеуге талпынуда. Біз саясат партиялар мен басқа жиындардың «Сендер азатсыңдар. Еш уақытта цензура болмайды» деген сөзден басқа не естігісі келетінін білгіміз келеді. Олардың кейбіреуінің «Біз үшін пікір білдіретін мүмкіндік қалмады» деп айтуы Конституцияға нұқсан келтіре алмауына байланысты. Олар   ұлтты, Ислам республикасын бұзғысы келіп, исламға қарсы әрекет еткісі, елді бұзғысы келеді»,- деді.

 

 

Имам саяси партиялар мен әлеуметтік органдардың жұмыстары азат деп жариялаған Конституцияның негіздеріне тоқталып, бөгде мемлекеттерге тәуелді болмау, елдің тәуелсіздігі мен территориялық біртұтастығын қорғау сынды факторларды саяси партиялардың ең маңызды негіздері ретінде атады. Имам студенттер мен университеттік қоғам мен басшылардан мәдени және білім орталықтарын саяси партиялар мен топтардың күресі мен биліккқұмарлықтарын білдіретін орталарға айналдыруға рұқсат етпеуді талап етті. Имам Хомейни бұл салада: «Университеттер мен басқа білім орталықтары, орта мектептердің ашылуы барысында кейбір адамдар мен топтар студенттердің сабаққа баруына жол бермеу үшін жалған жарнама арқылы университеттердің жұмысына араласып, нұқсан келтіргісі келеді»,- деп ескертті. (58/6/31). Ол кейбір саяси партиялар мен топтардың мәдени және білім беру орталарындағы жұмысының бұзылуын АҚШ-тың қастандықтарына байланысты деп сипаттады. (59/2/5) Саяси партиялар мен басқа ұйымдардың белсенділігінің қажеттігін қуаттаған және өзі билік басында болған кезде олардың жұмыстарын қорғап, қолдаған имам Хомейни кейбір партиялар мен саяси ағымдар азаттықты өз мүдделеріне пайдаланып, Ислам революциясындағы халықтың мақсаттарына немқұрайдылық танытып, елдің тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын бұзып, басқа үкіметтер елдің ішкі істеріне араласқан жағдайда бұл саяси жұмыстарға ескерту жасап, реакция білдірді: «Біз азаттық бердік, бірақ олар оны теріс пайдаланды. Сондықтан енді нұқсан келтіруге рұқсат етпейміз. Азаттық ойлаған кез келген қылмысты іске асыру емес. Ислам бізге кез келген қастық пен қантөгісті іске асыруға болатын азаттықты беруге рұқсат етпейді»,- деді. (58/5/27). Имам Хомейни діни құндылықтар мен Ислам революциясының негіздерінде саяси топтар мен партиялардың белсенділігіне қарсы болмады. Бірақ партиялық жұмстарды бұрмалап, заң мен ұлттық мүдделерге қайшы әрекеттерге ерекше сезімталдық танытып, қатаң реакция білдіретін. Имамның пікірінше, партиялар саяси тұрғыдан азат болуы керек деп олардың азаттығын қолдады. Бірақ бұл азаттықтың шегі мен шекарасы болуы қажет.

 

Тегтер

Сараптама