Ақп 08, 2020 19:36 Asia/Almaty
  • Батыстың өмір салты (11)

Балалар – қоғамдағы ең әлсіз топ. Олар жастары кіші әрі өз құқықтарын қорғауға шамалары келмейтіндіктен әрдайым қолдау мен қорғауға зәру. Батыста бала құқықтарын қорғау туралы уәждер көп айтылады. Алайда статистикалық мәліметтер мен есептер мұны растай ма? Батыс елдеріндегі балалардың барлығы қуаныш пен шаттықта, тыныштық пен жайлылықта өмір сүріп жатыр ма?

"Батыстың өмір салты" атты бағдарламаның осы бөлімінде ауқымды жарнамаларға керісінше Батыс елдерінің балалар үшін "жұмақ" емес екенін көресіздер. 

Қазір таңда Батыс қоғамындағы балалардың басты қиындығын ақлақ деп айтуға болады. Guardian газеті 2015 жылғы бір есебінде Ұлыбританиядағы балаға қатігездік жасау жайттары туралы: "Еуропа елдерінің арасында британдықтар балаға жыныстық қатігездік жасаудан ерекше ләззат алады. Басқа жағынан бұл амалға тиісті жазаның болмауы Ұлыбританияда балаларға тиісетін адамдар санының күрт көбеюіне әкеліп соқтырды. Бұл елде 6 ұл баланың біреуіне жыныстық зорлық жасалады. Ал қыз балалар арасында бұдан да көп. 4 қыз баланың біреуі жыныстық зорлық көреді",-деп жазды. Бұл есепте балаларға топтық зорлық көрсету, контрабанда және басқа да теріс жайттар, соның ішінде мемлекет қайраткерлерінің осы мәселеге қатысты болу мәселесі айтылған.

Ұлыбританиядағы балаларға қатігездік көрсету

Германияда да балаларға жыныстық зорлық көрсету статистикасы жоғары. Бұл елдің полициясы бұрын-соңды болмаған есебінде күн сайын елде 40 баланың жыныстық зорлық көретінін жариялады. Süddeutsche Zeitung хабарлауынша, Германияның қылмыстық істер бойынша полициясының статистикалық комитеті ұсынған ең жаңа мәліметтерге сәйкес 2018 жылы 14 мыңнан аса бала жыныстық зорлыққа ұшыраған. Ондағы он баланың біреуі 6-ға толмаған. Германия полициясының айтуынша, қылмыстық істер саны бұдан жоғары, өйткені балалардың көбі өз жанұя мүшелері, достары мен жақындары тарапынан жыныстық зорлыққа ұшырайды. Сондықтан балалардың олардың үстінен шағым түсіруі қиын.  

АҚШ-та балаларға жасалатын жыныстық зорлық та  өте қауіпті деңгейде. Бұл елдің Денсаулық сақтау және гуманитарлық қызметтер министрлігінің статистикалық есебі көрсеткендей, орташа алғанда балаларды қорғау қызметтері әрбір 8 минутта бір баланың жыныстық зорлыққа ұшырағанын көрсететін нақты айғақ немесе куәлер табады. АҚШ-тың "Қылмыс құрбандары" атты құқықтық орталығы балаларға жасалған жыныстық зорлық туралы статистикалық мәлімет жариялады. Ол бойынша, жылына бұл елде 90 мың бала зорлау жайты орын алады. Мамандардың айтуынша, құрбандар саны бұдан да көп.

АҚШ-тағы балаларға қатігездік көрсету

Өкінішке орай, бүгінде әлем бала зорлау деген түйткілмен бетпе-бет келіп отыр. Бала зорлау – кез-келген адамның жүрегін ауыртатын қылмыс. Бұл қылмыстың бірнеше түрі бар. Нашар қатынас көрсету және физикалық қатігездік жасау – балаға тиісудің түрлерінің бірі. Францияда ата-ананың балаларға қатігездік жасауы осы ел Парламентінің ата-аналар тарапынан балаларға физикалық жазаның берілуіне тыйым салу қаулысын бекітуіне себеп болды. Францияда ата-ананың ұрып-соғуынан күніне екі бала қайтыс болады. Балаларға физикалық қатігездік жасау кейбір елдерде нәсілдік сипатқа ие болған. АҚШ-та қатігездік салдарынан өлтірілетін қара нәсілді балалар мен жасөспірімдердің жасы 10-19 аралығында. Өкініштісі, АҚШ-та қатігездік салдарынан өлтірілетін қара нәсілді жасөспірімдердің саны ақ нәсілді балалардан 19 есе артық.  

Адам құқығын қорғау ұйымы 2015 жылғы есебінде АҚШ-тың Флорида штатында жылына жүздеген жасөспірімнің кәмелетке толған адам ретінде әділетсіз сотталғанын хабарлады. Бұл балаларды ересек адам ретінде соттау олардың бұдан да ауырырақ қылмыстарға тартылуына себеп болады. Осы есеп бойынша, 2014 жылдың басынан есеп жарияланғанға дейін басым бөлігі қара нәсілді болған 1500 жасөспірім балалар сотында сотталудың орнына ересектердің сотына жіберіліп, ауыр жазалар алып, ұзақ мерзімге қамалған. 

АҚШ-тағы қара нәсілділердің жағдайы

Батыста  балалар мен жасөспірімдердің құқықтарына немқұрайлы қарау жайттарына олардың құқықтық үдеріс пен сот жүйесімен таныс болмауы жатады. Еуропа одағының негізгі құқықтар агенттігі бір есебінде Еуропаның сот жүйесінің балаларға қатысты істерді қарастыруда жеңіліс тапқаны туралы: "Жыл сайын Еуропаның түкпір-түкпірінде 2,5 млн бала сот жүйесіне жүгінеді. Бұл істер ата-ананың ажырасуы, балаға тиісу, жыныстық теріс пайдалану және тіпті баланың куәгер ретінде қатысуына қатысты болуы мүмкін. Алайда әдетте полиция қызметкерлерінің жеткілікті білімі мен мағлұматы болмағандықтан балалар қараусыз қалдырылып, оларға көңіл бөлінбейді. Полиция қызметкерлері жәбір көрген балалармен қатынас жасау тәсілін білмейді. Сондықтан қорғалушыларға істердің заңдық үдерісін дұрыс түсіндіріп бере алмайды",-деп жазды.

Осы есептің авторы Астрид Подсядловский EuroNews-ке берген сұхбатында: "Мысалы, қатігездік көрсетілген жағдайда балалар полицияға бар шындықты айтпайды, өйткені оларға беретін ақпаратының сот үдерісінде қандай маңызды рөл ойнайтыны айтылмаған. Қатігездік көрсетілген жағдайлардың көбінде бала –  істің жалғыз куәгері",-деді. Еуропаның түкпір-түкпірінде  балаларға жасалған 400 қатігездік жайтын зерттеу нәтижесінде жасалған есептің бір бөлігінде балалардың әдетте сот үдерісінде өздерін сенімсіз ұстап, қорғалғандықтарын сезінбейтіндері анықталды.

Кейбіреулер  "кедей бала" тақырыбы тек даму үстіндегі елдерге тиесілі мәселе деп санайды. Ал бұл жағдайда БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қорының хабарлауынша, дамыған елдерде де кедей балалардың саны көп. Осы арада АҚШ-тағы кедей балалар саны жаһандық орта есептен жоғары. Германияның "Дойче Велле" газетінің сайты БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қорының есебін жариялап, дамыған елдерге онда тұратын балалардың кедейлігі жөнінде ескерту жасады.

Осы тақырыпқа сәйкес, "Балаларды құтқару" ұйымы да бір есебінде: "Тек 2018 жылы Италияда 1 млн 260 мыңнан аса бала жоқшылықты сезінген",-деп мәлімдеді. EuroNews-тің хабарлауынша, 7 италиялық баланың біреуі жоқшылық себебінен оқуын тастаған. Ал бұл жағдайда Италия 61 млн-нан астам тұрғынымен еуро аймағындағы үшінші үздік экономикаға ие ел саналады. "Балаларды құтқару" ұйымының есебіне сәйкес, Италия Еуропа құрлығында кедей балалар саны жөнінен рекорд жасап отыр.

Еуроодаққа мүше елдерде жоқшылықта өмір сүріп жатқан балалардың орташа есебі 20 пайыздан асады. Францияда әрбір 5 баланың біреуі мұқтаж. Қоғамдық зерттеу комиссиясының мәліметінше, Ұлыбританияда шамамен 4,5 млн бала жоқшылықта өмір сүреді. Бұл елдегі жалпы балалар санының 33 пайызын құрайды. Ұлыбританияның солтүстік-батысындағы Ланкашир қаласындағы бір мектептің директоры Шивен Калингард мектеп оқушыларының аш екенін айтты. Оқушылар мектепке келгеннен кейін  қоқыс шелектерінен тамақ іздей бастайды. Калингардтың айтуынша, оның мектебінде жанұясы азық-түлік тарату орталығынан тамақ алатын 35  оқушы бар. Мұндай жанұялар көп болуы мүмкін. Бұл тек мектеп дирекциясы хабардар жанұялардың саны.

Ұлыбританиядағы кедей балалар

 

Германияда тек бұл елдің экономикасы ғана дамымайды, балалардың кедейлігі де артып келеді. Зерттеулер көрсеткендей, бұл елдегі балалардың кедейлігі соңғы жылдарда 20 пайызға өскен.  Германиядағы бір газет елде балалар кедейлігінің күн сайын артып келе жатқанына тоқталып: "Бұл елде шамамен 2 млн бала "Харц-4" деп аталатын әлеуметтік қызметке тіркелген. Германия сияқты бай ел үшін  мұндай статистика – масқара жағдай",-деп жазды. "Бертелсмен" институтының 2016 жылғы зерттеуінің нәтижесі бойынша, экономикалық жағдайы жақсарғанымен Германияда балалардың көбі жоқшылықта өмір сүреді. Өткен жылы жалпы 2 млн бала бұл елде жоқшылықта өскен. "Бертелсмен" институтының жанұя саясаты бойынша маманы Анта Штайнның айтуынша, балалар жоқшылықта ұзақ өмір сүрсе, оның салдары қауіптірек болады. Соңғы онжылдықтардағы зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей,  қаржылай қиындығы жоқ жанұяларда өскен балаларға қарағанда кедей балалар оқшаулау келеді және денсаулықтарында ақау болады.

"Батыстың өмір салты" атты бағдарламамыздың осы аптадағы бөлімін Родждерс университетінің қоғамтану пәнінің  ұстазы Дэвид Пупноның сөздерімен аяқтаймыз: "Деректерге сәйкес, біздің қазіргі балалар – ел тарихында психикалық  және әлеуметтік денсаулығы тұрғысынан сол кездегі өз ата-аналарынан төмен жағдайда өмір сүретін алғашқы буын. Жасөспірімдер қылмысы, қатігездігі, өз-өзіне қол жұмсауы, есірткі шегуі, некеден тыс бала тууы, психологиялық қысымдар мен күйзеліске ұшырауы айтарлықтай артты. Балалардың тұрмыс жағдайының жақсарғанына қарамастан, осындай мәселелердің көбеюі алаңдаушылық тудырады". 

Тегтер

Сараптама