Ақп 09, 2020 18:04 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 8

Томас Карлейльдің сұхбаттары мен мақалаларынан кейін, Алланың соңғы пайғамбарына қатысты көптеген шындықтар мен өтіріктер анықталды, пайғамбарға қарсы негізсіз шабуылдар толқыны басылды

 

Түс кезі еді. 1840 жылдың 8 мамыр күні Томас Карлейль Лондонның Портман алаңында өз сөзін бастады. Ол тыңдармандарына өзгеше дін пайда болған және арабтардың арасынан шыққан басқалардан ерекше Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ғасырына тоқталатынын айтты. Ол сөзінің жалғасында: «Қаһарман өз жақтастарының арасында Құдай емес, илаһи пайғамбар ретінде қарастырылады»,- деді.  

Томас Карлейль - өзінен кейін көптеген шығармалар қалдырған британиялық танымал жазушы, философ әрі тарихшы. Бұл әйгілі ойшыл ХІХ ғасырдың саяси, мәдени және әдеби ой-пікіріне маңызды әсерін тигізді. Ол тарихи қаһармандар туралы сұхбаттарымен әдеби орта мен жалпы халықтың арасында танымал болды. Оның сұхбаттары көпшіліктің қолдауымен бетпе-бет келді. Оның «Қаһармандар, оларға табыну және тарихтағы қаһармандық» деген тақырыптарға жасалған сұхбаттарының жинағы сан рет жарық көрді.

Томас Карлейлдің пікірінше, қаһарман қырағы және парасатты адам, ол материалдық құбылыстардың іші мен сыртын байқап, халыққа шындықты айтады, сөйтіп ол тарихты жасайды. Карлейль «Исламның пайғамбары Мұхаммадтың (с.ғ.с.) батылдығы» деген екінші сұхбатында Мұхаммадты (с.ғ.с.) әлем тарихының ұлы тұлғалары мен қаһармандары қатарына енгізіп: «Құдайдың жер бетіне берген ең қымбат сыйы - бізге жоғары әлемнен илаһи хабармен  жіберілген  кішіпейіл  данышпан болды. Тағы мен билікке ие ешбір императорға бұл жиырма үш жыл бойы көптеген қиындықтар мен сынақтарды басынан өткерген абасын қолдан тігіп киген қарапайым адамға бағынғандай ешкім бағынбаған. Мен одан нағыз батырдың барлық қасиеттерін көремін. Мен оның барлық жақсылығын қолымнан келгенше баршаға адал жеткізгім келеді. Бұл кісі туралы айтқан өтіріктерімізбен тек өзімізді қараладық»,- деді.

Карлейлдің келесі сөздері Пайғамбардың (с.ғ.с.) қан төкпей, соғыссыз Меккені жеңіп алуы тарихи оқиғаны еске түсіреді. Бұл оқиғаның алдындағы түнде Мекке мүшіріктерінің жетекшілерінің бірі Абусуфиян Пайғамбардың көкесі Аббаспен  жасырын мұсылман лагерін  аралады. Ол таңертең адамдардың Пайғамбарға деген сүйіспеншілігін, олардың хазіреттің  вузу алған суын бір-бірлерінен алып кетіп, бастары  мен беттеріне сипағандарын көргенде,   Аббасқа: «Мен Иранның патшасы Кир мен Рим императоры Кайзерді көрдім, бірақ олардың ешбіреуінен бауырыңыздың перзенті Мұхаммадтың айбынындай айбынды көрмедім. Олар халықты күшпен басқарды, ал Мұхаммад (с.ғ.с.) адамдардың жүрегіне жол тапты. Ол халықтың мейірімі мен иманына ие, халық оны жақсы көреді»,- деді.  Бұл британиялық тарихшы  Мұхаммадты дәріптеуімен бірге былай дейді: «Ол махаббат пен мейірімнен басқа ешнәрсемен ісі болмаған   және   табиғатынан шын жүректен шыққан адамдардың бірі болды. Өзгелер алдамшы ұрандары және  жаңашылдықтарымен өмір сүріп,  риза болған кезде, бұл адам өзін бұл ұрандармен қанағаттандыра алмады. Ғаламның құпиясы оның көз алдында барлық алаңдаулары және барлық даңқымен жарқырап, айқын көрінді. Мұндай адамның сөзі - табиғаттың жүрегінен шыққан дауыс. Адамдар оны тыңдауы керек, егер олар мұндай сөзді тыңдамаса, ешбір сөзге сенбегені жөн, өйткені бәрі оған қарсы». 

Карлайлдың сұхбаттары мен мақалаларынан кейін, Алланың соңғы   пайғамбарына қатысты көптеген шындықтар мен өтіріктер анықталды,  сол кезде пайғамбарға қарсы негізсіз шабуылдар толқыны басылды. Карлайл: "Егер дұшпандар шындыққа қарайтын болса, бұл ұлы ердің жоғары мақсаттары мен талаптарын түсінеді. Пайғамбардың амалы мен ой-пікірі билік пен байлықтан жоғары болды. Сондықтан пайғамбар сынды адамды құмарлықпен айыптау әділетсіз болып табылады. Халық таза әрі пәк деп санайтын және "әділ Мұхаммад" деп атайтын, 25 жасында қырық жастағы әйелмен тұрмыс құрып, 50 жасқа келгенше, бұл әйелмен өмір сүрген адамды шаһуатына ие емес адам деп айыптау – зорлық-зомбылық және әділетсіздік.                                                                                  Карлайл Пайғамбарға (с.ғ.с.) тір тигізушілерге  берген әдемі жауабында былай деп жазады: «Бауырларым, сіз өтірікші  адамның дін шығарып, оны әлемге тарататын күшке ие көрдіңіз бе? Алламен ант етемін, надан және өтірікші адамның тіпті бір үй салу күші болмайды. Сондықтан мұндай адамның 14 ғасыр тұрып, миллиондған мұсылман өмір сүретін үй сала алуы мүмкін емес. Егер бұл үйді өтііркші салған болса, осы кезге дейін одан ізі де қалмайтын еді. Өкінішті. Бұл ойлар қандай ұятты. Бұл пікірлердің иелері қандай әлсіз. Мен оның тарихына шолу жасап, адал және дұрыс өмір сүру пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен бүкіл жұмыстарының негізі екенін көремін».

Карлайл өзінің аудиториясына Мұхаммад (с.ғ.с.) өмірінің басынан аяғына дейін ешқандай қақтығыстар болмағанын еске салады. Бала кезінен ол адал, мейірімді, ақкөңіл, ұқыпты, кішіпейіл адам ретінде танымал болды. Мұхаммад өмір бойы зорлық-зомбылыққа, толқуларға, өзімшілдікке, менмендікке және әділетсіздікке қарсы күрескен. Мұхаммад қатыгездікті жою және заңсыздық пен хаосты тәртіпті және өркениетке ауыстыру үшін азаматтық және моральдық заңдарды енгізді. Еуропада кең таралған наным-сенімдерге қарама-қайшы, оның Құран кітабы Еуропада таралған негіздерге қайшы тәртіпсіздік пен өнегесіздікті үйретпейді.   Алланың негіздеріне сай өмір сүруді мұсылмандардың діни және азаматтық міндеті.

Карлайл Мұхаммадтың (с.ғ.с.) жаратылған ғаламның шындығы туралы білгісі келетінін бейнелеуге талпынып: былай деп жазады: «Ерте заманнан  бұл адамның санасында үлкен ойлар болды; ол өзіне:« Мен кіммін? Мен өмір сүретін шексіз әлем қандай? Өмір деген не? Өлім деген не? Хира тауының биік жартастары мен Хиджаз жерінің ыстық және жанып тұрған өсімдіктері оған жауап бере алмады. Көгілдір аспан мен жарқыраған жұлдыздар жауап бере алмады. Бұл сұрақтардың жауабы Мұхаммадқа (с.ғ.с.) келді. Өмірдің мәні - Ислам, яғни Алланың еркіне бағыну". Сөзінің соңында Карлайл  жүрегіндегі Пайғамбарға деген сүйіспеншілігін түйіндейді: «Шөл даланың терең жүрегі, қара көзі бар, кең көңілі мен баршаны ойлайтын жаны бар перзенті астыртың билік пен байлықтан басқа нәрсе туралы ойлады.  Оның рухы қандай үлкен болды!"

ХІХ ғасырда Виктория патшайымының дәуіріндегі британдық ерлер мен әйелдердің көпшілігі Карлейілді қалыптасқан стереотиптердің негізін өзгерткен жаңа ойшыл деп атады. Бірақ баршаның хазіреттің наным-сенімдері туралы жариялап,   шындық идеяларына сәйкес, Құран мен Мұхаммад (с.ғ.с.) пайғамбар туралы терең зерттеулер жүргізулері үшін 50 жылдай уақыт қажет болды.

 

Тегтер

Сараптама