Нау 01, 2020 16:17 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 9

Ислам мен оның соңғы пайғамбарының (с.ғ.с.) келуімен әлемнің адами және идеологиялық қарым-қатынастарының жаңа кезеңі басталды.

 

Ислам мен оның соңғы пайғамбарының (с.ғ.с.) келуі – әлемнің адами және идеологиялық қарым-қатынастарының жаңа кезеңі. Алла Тағала хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) пайғамбар ретінде сайлап, адамдарға сый етіп, ол арқылы зорлық-зомбылық пен надандықты жойды.  Алла елшісінің пайғамбарлық міндетке сайлауы және қажырлы күш-жігерімен ырымшылдықты және адамгершілікке жат рәсімдерді жойып, әлемді өзгертті.

Ислам мен оның соңғы пайғамбарының (с.ғ.с.) келуі әлемнің адами және идеологиялық қарым-қатынастарының жаңа кезеңін бастады. Исламның қасиетті пайғамбары ғылыми және практикалық ілімдер жинағы, сондай-ақ мұғжиза саналатын  қасиетті Құран кітабымен жүздеген миллион ізбасарлардың назарын өзіне аудартты. Хазіреттің  ашқан ілімдері мен  илаһи қоғамды құруға арналған нұсқаулары адамдарды аңғарлар мен тұңғиықтардан мәңгілік бақыт жолына алып келді. Бірақ сол кезден бастап, Ислам және оның Пайғамбарының басқа діндер арасындағы идеологиялық қатынастар туралы жүздеген кітаптарда басылып шықты.

Тарихшылар мен ғалымдар Исламның алғашқы күндерінен осы уақытқа дейін Пайғамбардың (с.ғ.с.) міндеті туралы зерттеулерінің нәтижелерін өз еңбектері мен кітаптарында жинап, зерттеуші ғалымдарға өте құнды әрі маңызды мәліметтерді ұсынған.  Пайғамбардың (с.ғ.с.) рухани мәртебесі мен болмысы набават аспанында жұлдыздай жарқырап, жақтастарының саны күннен күнге артты. Оның ұлылығының ең жақсы дәлелі - Құран Кәрім, онда Жаратушы оған ең жақсы сәлемін жолдап, сүйікті Ислам пайғамбарын ең жақсы және мадақтайтын қасиеттерімен сипаттайды. «Ниса» сүресінің 113-ші аятында: «...Алла, саған Құранды және хикметті түсірді әрі саған білмегендеріңді үйретті. Сондай-ақ Алланың саған деген ілтипаты өте ірі»,- деп айтылды.

Әрине, Исламның ұлы пайғамбарының ұлылығы мен жоғары мәртебесі Батыс және Шығыс ғалымдары мен ойшылдарының мақұлдауын қажет етпейді. Бақытымызға орай уақыт өтіп, ғылымның ілгерілеуімен пайғамбар туралы    зерттеулер артып, Алла елшісінің қадір-қасиеттері мен ғылыми білімі туралы мәліметтер көбірек табылды.

ХІХ ғасырдың соңында мұсылман жазушылар ислам кітаптарын еуропалық тілдерде жазып, бұрмалаушылықты жойып, Исламның шынайы жүзін көрсетуге талпынды. Осы уақыт ішінде Исламды  батыстықтарға үрейлі жау ретінде таныстыру үдеріс өзгеріп, белгісіз Шығыс әлемін танып-білу құштарлық байқалды. Бұл Шығыс пен Шығыс мектептерін тереңірек түсінуге жол ашты. Бұл шығыстану құштарлық біріншіден Еуропа шығыстанушыларының еңбектерінде байқалды.  Осы ғасыр ішінде бұл шығыстанушылардың саны артып, олар Шығыс халқының діни өмірі, діні және мектебін жақыннан сипаттады. Олар көптеген оқиғалар және орын алған бұрмаланушылықтарға таңғалып, олар туралы романтикалық түрде жазған. Әрине бұл жағдай Ислам мен оның Пайғамбарына (с.ғ.с.) қарсы дұшпандылықтың мүлдем жойылғанын білдірмейді. 

Вашингтон Ирвинг - американдық зерттеуші. Ол 1849 жылы өзінің «Мұхаммад (с.ғ.с.) өмірбаяны мен оның ізбасарлары»  кітабында Еуропа мен Америка халықтары арасында Ислам пайғамбарының шынайы бейнесін көрсетуге талпынды. Бұл американдық автор аталмыш кітаптың жарық көруінен он жыл бұрын христиандарды Мавританияның жоғарғы мәдениетіне қарсы қатыгездік жасады деп айыптаған.

Вашингтон Ирвинг

Вашингтон Ирвинг 52 кітапты зерттеуінің нәтижесінде «Мұхаммед және халифалар» атты кітап жазып, Еуропа мен Америкада Ислам туралы көптеген деректер таратты. Ол христиандық уағыздаушыларға керісінше фанатизмді жоққа шығарды, сондай-ақ Пайғамбарды жамандаудан тартынып, хазіреттің дінін дәріптеді. Ирвинг Алла елшісінің шақыруы туралы былай деді: «Егер Пайғамбардың шақыруы атақ үшін болғанда, ол өз әулеті, яғни құрайштардың арасында танымал болатын еді. Егер оның шақыруы билік үшін болғанда, буындар оның отбасының ықтиярында болып, бұл отбасыға үміттенетін еді.  Ол ата-бабаларының дінін теріске шығарғаннан кейін барлық әлеуметтік мүдделерінен айырылатынын және тайпасына дұшпандылық білдіріп,   қала халқы және тұтқа табынушылардың барлығының жеккөрушілігімен бетпе-бет келетінін жақсы білді. Бірақ ол қорықпады».

Содан соң Ирвинг сұрағымен оқырманның назарын шындыққа аудартып: «Неліктен ол көптеген жылдар бойы әлемнің айбынынан алыстап, адамдардың айыптарымен кезігіп, өз мақсатынан бас тартпады? Набават туралы уәжденген кезде, өмірінің үлкен бөлімін өткізген болатын.  Соғыстарда жеңіске жеткен кезде. Басқаалрдың мүлкіне қызықпаған. ол ешкімді қызықтырмады. Ол тәкаппар болмады, құдырет пен құрметке ие болған кезде, оның амалы өзгермеді. Күн сайын қол астындағыларға деген мейірімі азаймады. Баршаға танымал болған кезде де қарапайым болып қалып, дүниеқұмар болмады. Оның отбасы дүниеқұмар болмаған және соғыс олжаларын дін жолында жұмсаған немесе мұқтаждарға сый еткен»,- деп жазды.

Ирвинг американдық әдебиетте «қысқа әңгімелердің атасы» ретінде танымал. Ол саудамен айналысатын бай және көп балалы отбасында дүниеге келген.  Ол жасөспрім кезінен үлкен ағаларының қолдауымен әдеби талантын дамыта бастады. Заңгер мамандығы бойынша оқуын аяқтаған соң, ол адвокатурадан тез шаршап, сол кезде түрлі журналдарда мақалалар жаза бастады.

Ирвинг - «романтизм» стилінің бастаушыларының бірі, Виктор Гюго және Александр Дума (әкесі) сияқты көптеген авторлар оған еліктеген. Бұл америкалық зерттеуші: «Мұхаммад (с.ғ.с.) еш уақытта дүниеқұмар болмады. Қарсыластары оған тіл тигізіп,  туған жерінен кетуге мәжбүрледі.  Мұхаммад (с.ғ.с.) өз дінінің тұрақтылығынан басқа ештеңе қаламады. Амина Мұхаммадты (с.ғ.с.) дүниеге әкелген кезде, аспаннан Меккенің айналасынан нұр түсіп,  Мұхаммад (с.ғ.с.) аспанға  қарай басын бұрып: «Алла бәрінен ұлы және одан басқа Құдай жоқ, мен оның пайғамбарымын»,- деді.

Вашингтон Ирвинг 1909 жылы Лондонда «Мұхаммад (с.ғ.с.) және орынбасарлары» кітабында: «Ол өзінің  жеке іс-әрекетінде әділетті болды: достары және бейтаныс, байлар, кедейлер, мүгедектермен бірдей қарым-қатынас жасады. Халық одан  тек мейірімділігі мен сүйіспеншілігін көретін, ол адамдардың шағымдарын тыңдайтын. Соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)   адамгершілігі мол, қарапайым өмір сүрген, терең ойларға ие тұлға болған. Оның қысқа да әдемі сөздері үлкен әрі терең мағынаға ие.  Сондықтан ол шынымен қасиетті адам болды»»,- деп жазды.

 

Тегтер

Сараптама