Нау 02, 2020 17:46 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде 14

Имам Хомейни университеттердің басты мақсаты мен міндеті ғалым, мүмін адамдарды тәрбиелеу деп санады.

Университет қоғамдағы өзгерістердің қайнары және   академиялық орта елдегі өзгерістердің маңызды және ықпалды топтарының бірі ретінде имам Хомейни идеяларында ерекше орын тапты. Имам Хомейни Исламның   ғылымға деген ұстанымына жан-жақты талдау жасап,  діни және заманауи ғылымдар арасындағы байланысты маңызды санап, ғылым мен иманды жеке және қоғамдық даму үшін қажет деп санайды. Иран Ислам республикасының негізін қалаушының пікірінше, дүниежүзілік өркендеу мен қоғамның болашағы үшін университеттер халықтың құндылықтары және қажеттіліктерімен тығыз байланысты болуы керек.

Имам Хомейни университеттердің басты мақсаты мен міндеті  ғалым, мүмін адамдарды тәрбиелеу деп санады. Ол университеттер мен діни оқу  орындарды ғалым әрі иманы жоғары адамдарды тәрбиелеуші,  зорлық-зомбылыққа бағынбайды және өз еліне қиянат жасамайды деп біліп: «Біз адамды қажет етеміз. Мемлекетіміз мүмін адамдарды қажет етеді. Егер университеттер мен діни оқу орындар мүмін адамдар тәрбиелесе, олар зорлық-зомбылық пен қысымды қабылдамайды, оларға қоқан-лоққылар әсерін тигізбейді. Қорқыту мен қоқан-лоққы әсерін тигізетін адамдардың иманы мықты болмайды»,- деген.  

Имам Хомейни Ислам революциясының қағидаларын, армандары мен жетістіктерін қорғау академиялық орталардың келесі бір  деп санап,  үстемдік режимнің қысым жылдарында зорлық-зомбылыққа батыл қарсыласқан ұстаздар мен студенттерден Ислам революциясының жеңісінің арқасында Иран халқының несібесі болған екі илаһи аманатты, яғни тәуелсіздік пен азаттықты қорғауды талап етіп: «Құрметті жастар мен студенттер және ғалымдар, Ислам мен үмбеттің бүгінгі және ертеңгі үміттері.  Ұлы Иран халқының жанкештілігінің арқасында Шығыс пен Батыстың қақпанынан алынған тәуелсіздік пен азаттық деген үлкен аманат өздеріңізге тапсырылды, сондықтан баршаға үлкен жауапкершілік жүктелген. Бүкіл халық, әсіресе келешек көшбасшы болып табылатын мұсылман студенттері   Құдайдың сенімін сақтауға жауапты»,- деді.

Имам Хомейни тәуелсіздікті университеттердің тәуелсіздігі және Шығыс пен Батыстың саяси және интеллектуалдық ой-пікіріне тәуелді болмау арқылы сақтап қалу мүмкін деп санап,   университеттердің маңызды міндеттерінің бірін өзінің және елдің тәуелсіздігін  батыс пен шығыс елдерінің араласуынан сақтау деп білді. Имам бұл салада: «Елдің тәуелді немесе тәуелсіз болуы университеттерге байланысты. Біз халқымызды Шығыс пен Батыстан тәуелсіз ететін жоғары оқу орындарының болғанын қалаймыз. Жасөспірімдерімізді Мәскеу, Лондон, Вашингтон және басқа жаққа қарамайтындай, тек елдің тәуелсіздігі туралы ойлайтындай тәрбиелеу қажет. Сондықтан университеттер мен діни оқу орындар бірігіп, елдің тәуелсіздігін қорғауға міндетті»,- деп қуаттады.

Революцияның құндылықтарын басқа елдерге зорлық-зомбылық, соғыс және шабуыл арқылы экспортталуы керек деп санайтын экстремистік көзқарастарға қайшы, имам Хомейни    Ислам революциясының құндылықтарын әлемнің басқа елдеріне тарату оларға шабуыл жасау емес деп санаған. Өйткені шабуыл мен жаһандану үстемшіл үкіметтердің  сипаттамасы, ал Ислам революциясы мұндай әрекеттерге қарсы. Имам Хомейни Ислам революциясын экспорттау моделін мәдени модель ретінде қарастырып,  академиялық орталарды Ислам революциясы туралы хабарлар мен оның мәдениеті және құндылықтарын әлемдегі езілген халықтар арасында тарата алатын маңызды топтар деп санады. Ол революцияның құндылықтарын экспорттаудың ең тиімді жолдарының бірін Ислам республикасы жүйесінің халықтың тарихи қажеттіліктері мен сұраныстарына жауап беретін табысты және тиімді моделін ұсынуы деп біліп, даму мен алға ілгерілеуді әлемге төңкерістің экспорты үшін қажетті шарт ретінде көрді. Ислам революциясының жетекшісі ұстаздар мен студенттердің даму жолындағы рөлін маңызды әрі сындарлы бағалап, бұл салада: «Қайта құру мен құрылыс  ынтымақтастық арқылы ғана мүмкін болады және бұл мемлекет Ислам мен бүкіл Иран халқына тиесілі. Сондықтан  соғыс кезіндегіндей, бейбітшілк пен құрылыс кезінде олар бірігіп, тату болуы керек. Құдай қаласа, ғылыми орталықтар мен академия да осы үлкен мәселеге өз үлестерін қосады»,- деді.  

Имам Хомейни тәуелсіз және исламдық университеттерді басқа елдердегі, әсіресе ислам елдеріндегі академиялық жастардың үміті деп санайды. Олар қарсыласу мен тұрақтылықтың қаруымен исламдық құтқарушы қайықты босатып, жаһандық отаршыларға қарсы тұра алады. Тарих бойында адал жастар, әсіресе қазіргі және болашақ ұрпақтардағы мұсылман студенттер Ислам мен исламдық елдерінің перспективалық активтері болып табылады. Имам Хомейнидің пікірінше, университеттер әрдайым әлсіз және ислам елдерінің жауларына ашкөздік пен дұшпандық мекені болған. Исламдық және әлсіз елдердің жаулары адамзатқа қарсы тұруы арқылы университеттерге ерекше назар аудартады.

 

Тегтер

Сараптама