Maм 09, 2020 14:28 Asia/Almaty
  • Батыстың өмір салты (15)

Бұл бағдарламада Батыс елдеріндегі кедейлік мәселесіне тоқталамыз.

Швейцарияда кейбір аналар біркүндік нәрестесін ауруханалардың шелегіне тастап жатқанда Ұлыбританияда мектеп оқушылары қоқыс шелегінен тамақ іздеп жүр. Кейбіреулер үшін Еуропада кедейлік бар дегенге сену қиын болуы мүмкін. Кейбір адамдар АҚШ үкіметі ең бай мемлекет әрі әлемдегі ең ірі экономикаға ие деп ойлағанға керісінше бұл елде әлемнің ең бай халқы өмір сүрмейді. «Батыстың өмір салты» атты бағдарламада Батыс елдеріндегі кедейлік тақырыбына тоқталамыз.

 

Батыстағы кедейлік

БҰҰ 2018 жылғы баяндамасында АҚШ-та 40 млн адамның кедейлікке, 18 млн адамның абсолюттік кедейлікке ұшырап отырғанын мәлімдеді. Осы хабардың таралуы АҚШ саяси басшыларының реакциясына ұшырады. Трамп үкіметінің шенеуніктері мұны әсіре мәлімет деп атап, АҚШ-та абсолютті кедейлікке ұшыраған адамдар санының 250 мыңнан аспайтынын айтты. АҚШ-тың БҰҰ-дағы уақытша өкілі Никки Хейли де бұл ұйым АҚШ-тағы кедейлік жайлы ақпарат беруге құқығы жоқ деп тікелей мәлімдеп: «БҰҰ-ның АҚШ-тағы кедейлікті зерттеуі – масқарашылық»,-деді.

Трамп АҚШ Президенті болған алғашқы екі жылда елде жұмыспен қамту жағдайының жақсарғаны туралы көптеген мәлімет жарияланды. Алайда The New York Times газеті бұл мәліметтердің дұрыстығына күмән келтіріп, арнайы репортажда: «Америкалықтар жұмыспен қамтылу кедейлікті жою жолы деп ойлауды қалайды, бірақ бұлай емес»,-деп жазды. Америкалық газет өзінің мақаласында: «Жұмыссыздық көрсеткіші төмендеп, тіпті жұмыс істеу мүмкіндігі туындаса да, оларды толтыратын адам жоқ. Алайда жоғары білімі жоқ америкалықтар үшін «Бұл жұмыс орындарының табысы тұрмыстық шығындарды өтеуге жете ме?» деген шынайы сауал туындайды», - деп түсіндірді.

 

АҚШ-тағы кедейлік

The Washington Post пен USA Today сияқты америкалық газеттердің көбі және The Time секілді америкалық журналдар, тіпті АҚШ-тағы кедейлік жайлы статистикалық мәлімет беруге арналған сайттар бұл елдегі кедейлік пен абсолюттік кедейлік жайлы егжей-тегжейлі мақалалар мен есептер жариялайды. Бұған қарамастан, көп адамдар АҚШ-тағы кедейліктің басқа елдердегі кедейліктен айырмашылығы тұрығысында қате түсінікке ие. Бұл адамдардың сенімінше, АҚШ-та өмір сүру стандарты әлемнің басқа елдерінен жоғары болғандықтан, бұл елдегі кедейлер де осындай жағдаймен басқа елдерде өмір сүрсе, «кедей» саналмас еді.

АҚШ-та орналасқан Халықаралық балалар ұйымының сайтында жарияланған осы елдегі кедей балалар туралы статистикалық мағлұмат бұл ойдың толығымен қате болғанын растады. Ұйым өз есебінің басында: «АҚШ-та дүниеге келетін 7 баланың біреуі кедейлікте туады. Таң қалдыңыз ба?»-деп жазды. Ұйымның мәліметінше,  «АҚШ бай болғандықтан, бұл елдегі кедейлер – «америкалық» стандарт бойынша кедей. Алайда шындық мынада: АҚШ-тағы кедей балалар көрсеткіші басқа дамыған елдерден өте жоғары». АҚШ-тың халық санағы басқармасының статистикалық есебіне сәйкес,  бұл елде 15,5 млн бала кедей өмір сүреді. АҚШ-тағы кедей балалар туралы басқа статистика көрсеткендей, елдегі балалардың 40 пайызға жуығы 18 жасқа толғанға дейін кемінде 1 жыл кедейлікте өмір сүрген.

Кейбір адамдардың қиялында Еуропа құрлығы АҚШ-тан кейінгі Жер бетіндегі жұмақ болып елестейді. Бірақ статистикалық мәліметтер мен өмірлік стандарттар басқа жағдайдан хабар береді. Әлеуметтік статистикаларға сәйкес, Еуропаның түкпір‑түкпіріндегі тұрғындардың 20 пайызы кедейлік қаупіне ұшырап отыр. Он жыл бұрын Еуроодақ 2020 жылға дейін кедейлер санын 20 млн адамға азайтуға бағытталған бағдарламаны ұсынды. Бірақ соңғы статистикалық мәлімет тек 5 млн адамның кедейлік қатерінен құтылғанын көрсетті.  

Англияның солтүстік-шығысындағы Ланкастер қаласындағы бір мектептің директоры Шон Калинкудтың айтуынша, мектептегі 10 оқушының біреуі азық-түлікке мұқтаж жандарға көмектесетін ұйымнан тамақ алатын жанұяда тұрады.  Ол: «Оқушылардың аш болатыны соншалықты, мектепке кіре салысымен қоқыс шелектерінен тамақ іздей бастайды»,-деді.

 

Ұлыбританиядағы кедейлік

 

«Әл-ауқат деңгейінің айырмашылығы», «азық-түлікке мұқтаждық», «кедей балалар», тіпті «британдықтардың өздерін азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қарыз алуы» – осының барлығы британдық тілшілер тарапынан арагідік жарияланып тұратын тақырыптардың қатарына жатады. The Guardian пен Independent сияқты кейбір ақпарат құралдары құны 10 млрд фунт стерлингтен (13 млрд доллардан) асатын миллиондаған тонна азық-түліктің жыл сайын ысырап болатынын және жыл өткен сайын жағдайдың ушығып бара жатқанын хабарлады. 2018 жылы CNN америкалық ақпарат агенттігі Ұлыбританияда «Лақтырылатын азық-түліктердің алғашқы супермаркеті» ашылғанын хабарлады.  Бұл дүкенде қоқыс шелектерден жиналған тамақ тегін ұсынылады.

Еуропадағы кедейлік пен аштық мәселесі Ұлыбританиямен шектелмейді. Мысалы, жоғарыда аталған супермаркет – «шынайы қоқыс тамағы» жобасының бір бөлігі. Осы жоба бойынша «Лақтырылатын тамақ кафелерінің» тізбегі ашылды. Жобаның ресми сайтында жарияланғандай, осы уақытқа дейін 1,1 млн-нан астам килограмм лақтырылған тамақ әкімшілік тарапынан  жинастырылар алдында құтқарылып,  44 мыңнан аса адамның қарнын тойдырды. Ұлыбритания, Франция және Германия сияқты елдерде бөлімшесі бар бұл жоба белсенділіктерінің бір бөлігі лақтырылатын тамақтармен мектептердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Еуропаның басқа елдері де азды-көпті кедейлік және аштық мәселесімен күресіп жатыр. Солардың бірі – Франция.

2017 жылдың соңғы күндері Еуропа халқы хазірет Исаның туған күні мен Жаңа жыл мерекесіне дайындалып жатқан шақта Твиттерде жарияланған сурет Францияны дүр сілкіндірді.  Бұл суретте бірнеше баланың желтоқсан айының суығынан қорғану үшін Париждегі бір киім жуу дүкеніне тығылып, үлкен кіржуғыш машиналардың ішінде ұйықтап жатқаны көрсетілген. Бұл суретті түсірген адам  балалардың паналайтын жерлері жоқ қорғансыз шетелдік босқындар екенін айтқан. Бұған қарамастан, суретті көрген кейін француздардың жүрегін қатты ауыртқан нәрсе ел басшыларының осы жағдайға реакциясы болды. Париж полициясының басшысы Мишель Делпуш кіржуғыш машиналардың ішінде ұйықтайтын балалар санын 25 деп жариялап, олардың кейбіреуін француз және қылмыскер топтардың мүшелері деп атады. Францияның сол кездегі Ішкі істер министрі Жерар Коломб да бұл балаларды дөрекі әрі қатігез деп сипаттап, олардың көшеде жүруін қоғамның тыныштығын бұзумен байланыстырды.

 

Париждегі кедейлік

 

Euro News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Еуропа құрлығы жалпы бір кедейлік және аштық дағдарысына ұшырап отыр. Осы агенттіктің жазуынша, кедейлік қатері Еуропа тұрғындарының төрттен біріне қауіп төндіріп отыр. Осы арада әсіресе еуропалық әйелдер мен балалар кедейлік қатеріне ұшырау алдында тұр. Бұл шындықтың көрсеткіштерінің бірі – соңғы жылдары Швейцария елінде «нәресте терезесі» немесе «нәресте шелегі» деп аталатын құбылыстың пайда болуы. Бұл шелектер аналары күтуден бас тартқан нәрестелерді қабылдайды. Швейцариядағы алғашқы нәресте шелегі 2011 жылы Цюрих қаласының орталық бөлігіне жақын жерге  орналастырылып, бір күннен алты аптаға дейінгі нәрестелерді қабылдайтын болды. Мұндай шелектерді орнату әлі де жалғасып жатыр. Арагідік Швейцариядағы ауруханалардың маңында осындай шелектердің орнатылғаны хабарланады. Көңіл аударарлық жайт, осы елдің Давос қаласындағы бір аурухана маңына да нәресте терезесі орнатылды. Ал аталмыш  қала жыл сайын Дүниежүзілік экономикалық одақтың жиналысын өткізеді.   

Батыс елдеріндегі кедейлік жайлы мағлұмат өте көп. Олардың барлығына тоқталу мүмкін емес. Бүгінгі бағдарлама көңілдеріңізден шықты деп үміттенеміз.

 

Тегтер

Сараптама