Қаң 25, 2021 13:52 Asia/Almaty
  • Иран: Маһнешан таулары (112)

Маһнешан таулары Табриз қаласының солтүстік-шығысынан 25 км жерде Занджан облысында орналасқан. Көз қызықтыратын бұл төбелердің жергілікті атауы – Аладағлар. Өйткені олардың түсі қызыл, қоңыр, жасыл, сарғылт, сары және ақ. Мұндай түстер топырақтың құрамында бар шөгінділер мен минералды заттарға байланысты.

Бағзы заманда жергілікті тұрғындар Наурыз мейрамы қарсаңында осы түрлі түсті топырақты араластырып немесе өздері қалаған бір түсті таңдап, үйдің сыртын бояған екен.  
«Ала» түркі тілінде түрлі түсті, ал «дағ» тау деген мағына береді.
Аладағлар Табриз қаласының солтүстік-шығысынан 25 км жерде Миане-Занджан күре жолының бойында орналасқан.
Маһнешан тауларының көлемі – шамамен 70 шаршы шақырым.
Әлемде осындай бірнеше тау бар.
Маһнешан таулары – Занджан облысының таңғажайып табиғи тартымдылықтарының бірі.
Геологтардың айтуынша, мұндай әдемі құбылыс 15 млн жыл бұрын түзіле бастаған.
Түстің әрқайсысы белгілі бір минералды білдіреді.
Маһнешан таулары
Жасыл түс топырақта мыс барын көрсетеді.
Маһнешан таулары – суретке түсіруге таптырмайтын объект.

 

Тегтер